Қазығұртта 40 отбасы баспаналы болды

image.png

Түркістан облысында тұрғындарды баспанамен қамту бағытында тиісті жұмыстар жалғасып жатыр. Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше Қазығұрт ауылында 2 қабатты, 8 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары аяқталған. Бүгін Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров ауданға іссапарында тұрғын үй кезегінде тұрған 40 отбасына жаңа пәтер кілттерін тапсырды. 

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт  Кемелұлы тұрғындарды баспанамен қамту бойынша жүйелі жұмыс атқаруды тапсырды. Өңірімізде жыл сайын құрылыс қарқыны артып, көпқабатты үйлер салынуда. Бүгін қазығұрттық тұрғындар да қуанышқа кенеліп отыр. Баршаңызды баспаналарыңызбен құттықтаймын! – деді Нұралхан Көшеров.

Қуанышқа кенелген тұрғындар ел азаматтарына алғыстарын білдірді. 

Бұл үйлердің құрылысы былтыр наурыз айында басталып, жыл соңында аяқталған.  Құрылысты «Урба Стандарт» ЖШС атқарды. 1 тұрғын үйде 8 пәтерден бар. Оның ішінде1 бөлмелі 2 пәтер (36,4 м²),  2 бөлмелі 4 пәтер (59,4 және 52,2 м²) және 3 бөлмелі 2 пәтерден (74,8 м²) бар.

Айта кетейік, Түркістан облысы құрылғалы, яғни 2018-2024 жылдар аралығында 14 мыңнан аса отбасы тұрғын үймен қамтылды. Оның ішінде, коммуналдық тұрғын үймен 7 567 отбасы, ал «7-20-25» және «Отбасы банк» бағдарламалары арқылы 6 594 отбасы ипотекалық тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Осы жерде динамикаға қарайтын болсақ, жылына шамамен коммуналдық тұрғын үй қорынан және түрлі ипотекалық бағдарламалар арқылы 2 200-ге жуық пәтер табысталуда. Өткен жылдың өзінде ел 1174 коммуналдық үймен және 977 тұрғын ипотекалық үймен қамтамасыз етілді. Бұл жұмыстар жүйелі түрде жалғасады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сарыағашта көтерме дистрибьюторлық орталық ашылуы мүмкін
  • Қазығұртта 40 отбасы баспаналы болды
  • Сайрамда инфрақұрылым мәселесі шешімін табуда
  • Жандос Тасов: Қаламызда интернет алаяқтарға алданған тұрғындар азаймай тұр
  • "Ақ бикеш" тарихи көрінісін сақтап тұр - министрлік өкілі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер