Түркістанда 101 жастағы майдангермен тағылымды кездесу өтті

image.png

Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Түркістан облысы Ордабасы ауданында  тағылымды шара өтті. Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов пен Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тлеубердиев және жас сақшылар ғасыр куәсі болған Ұлы отан соғысының ардагері Қалмен Мұратұлының шаңырағында болып, мерекемен құттықтады.  

Сұрапыл соғыс даласына 8-сыныптан аттанған Қалмен Мұратұлы 1924 жылы өмірге келген. Майданда неміс басқыншыларымен ұрысқа түскен ол, 1944 жылдың ақпан айында Витебск қаласының маңында болған шайқаста сол қолынан жараланып, емге жіберіледі. Осылайша елге ІІ-топтағы мүгедек болып оралған. Кездесуге келген жас сақшыларға ардагер өзінің ерліктерін айтып, батасын берді. Бүгінде 101 жасты еңсерген қария 6 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсірген. Олардан 32 немере, 85 шөбере сүйіп отыр.

Генерал Мұрат Талапұлы  ғасыр жасаған майдангердің деніне саулық, отбасына амандық, құт-береке тілеп, сый-сияпатын табыстады. Өзінің өнегелі әңгімелерін жас сақшыларға арнаған қария, генерал бастаған ұжымға алғысын білдірді.

image.png


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Саясат Нұрбек Түркістан облысына келді
  • Денсаулық сақтау министрі Түркістан облысында медициналық мекемелердің жұмысымен танысты
  • Түркістанда Мархабат Байғұттың 80 жылдығына арналған халықапралық симпозиум өтеді
  • Түркістанда жаңа перзентхана салынады
  • Түркістан облысында майдангерге автокөліктің кілті табысталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер