Түркістан облысында биыл 172 нысанның құрылысы жүргізілуде

image.png

Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша биыл облыс аумағында 172 нысанның құрылысы іске асырылуда. Оның ішінде, 127 нысанның құрылысы өткен жылы басталса, 45-і – жаңа нысандар. 

Биыл 103 нысанды пайдалануға тапсыру жоспарланған. Атап айтқанда, облыс бойынша 1 әкімшілік ғимарат, 4 білім беру нысаны, 16 «Жайлы мектеп», 1 денсаулық сақтау және 1 әлеуметтік қолдау нысаны, 27 тұрғын үй, 26 инженерлік инфрақұрылым, 6 мәдениет және 16 спорт нысандары, 2 ауыл шаруашылығы нысаны пайдалануға тапсырылады. Сонымен қатар Түркістан қаласындағы «Парасат» паркіне реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп, «Тұран» арнайы экономикалық аймағына инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым тартылады. 

Ал 69 нысанның құрылыс жұмыстары келесі жылға өтпелі. Жобаларды жүзеге асыру барысында 1 163 жұмыс орны құрылады. Оның ішінде, 139 – тұрақты, 1 024-і – уақытша.

Өңірде бой көтеріп жатқан ғимараттардың құрылыс сапасы тікелей аймақ басшысы Нұралхан Көшеровтің бақылауында тұр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында тұрғын үй құрылысы 7 жылда 3 есе өскен
  • Түркістанда асыл тұқымды ешкілер көрмесі өтті
  • Түркістандық делегация Қытай зауыттарын аралады
  • Уәли Қыдыр жаңа қызметке тағайындалды
  • Түркістан облысында тікұшақ пен дрон шығаратын зауыт ашылмақ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер