Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістанға жеткізілген жаңа үлгідегі қоғамдық көліктермен танысты. Ол үшін өңір басшысы жаңадан әкелінген автобусқа мініп, онда орнатылған заманауи жүйенің жұмысын тексеріп көрді. Шаһарға жеткізілген қоғамдық көліктерде жүру бағытын білуге арналған GPS құрылғысы орнатылған.
Түркістан көшелеріне жаңа автобустар шықты. SAZ LЕ-60 маркалы 20 жаңа көлікті «ТехПрофАвто» ЖШС «Самарқанд» автомобиль зауытынан арнайы тапсырыспен алдырылған. Жақын күндері тағы 30-ы келеді деп күтілуде. Жайлы да жаңа автобустар қала тұрғындарының күнделікті өмір сапасын арттыра түсіретіні аян.
Қоғамдық көліктер 25 жолаушыға лайықталған. Желдеткіш пен қолдарбаға арналған пандусы, электронды билет беру және үш бейнебақылау құрылғысымен жасақталған. Түркістан қаласында 300-дей қоғамдық көлік 21 тұрақты бағытқа жолаушылар тасымалдайды.
Сондай-ақ Түркістанда бір үлгіде безендірілген жаңа таксилер жолға шықты. Заңды автотасымалдаушылардың санын арттыру арқылы халықтың жүріп – тұруы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін елімізде жасалған жаңа да жайлы 20 көлік Уassytaxi брендімен сапалы қызмет көрсетуге дайын.
-Қазіргі таңда қаламызға SAZ LЕ-60 модельді 20 жаңа қоғамдық көлік Наурыз мерекесінің қарсаңында әкелінді. Екі есікті автобус ішінде 25 жолаушы орындығы, желдеткіш, арнайы қажеттілігі бар жандардың арбасына арналған арнайы орын (пандус), электронды билет беру құрылғысы, үш бейнебақылау құрылғысы, сонымен қатар автобустардың жүру бағытын білуге арналған GPS құрылғысы орнатылған. Бүгін өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев танысып инвесторларды қолдап, халық үшін қызметтеріне алғысын айтты. Көптен күткен жаңа автобус санын осылайша бірер-бірер арттырамыз, достар. Өзім де асыға күткен жаңалыққа қуана, жайлы да жаңа автобустар қаламыздың тұрғындарының күнделікті өмір сапасын арттыра түсіретініне сенімдімін,-деді осы мәселеге түсінік берген Түркістан қаласмының әкімі Рашид Аюпов.