Түркістанда ғылыми-әмбебап кітапхана салынып жатыр

16..jpg


 Түркістан қаласындағы облыстық ғылыми — әмбебап кітапханасы есігін айқара ашуға дайын. 400 орындық оқу залы бар, заманауи технологиялармен жабдықталған білім ошағында 250 мыңнан астам оқулық қоры жинақталып, үнемі жаңартылып тұрады. Шаһардағы құрылыс алаңдарын аралаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жауапты басшыларға құрылысты ширатуды тапсырды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Өңір басшысы сапар барысында әуежай аумағындағы көгалдандыру барысымен танысты.

Сонымен қатар Өмірзақ Шөкеев мәдени - рухани орталықтағы жаңа құрылыс алаңдарындағы абаттандыру барысын бақылап қайтты. Халықаралық әуежай аумағына 140 мың ағаш отырғызылады. Сонымен қатар, 400 гектар жерге 200 мың түп қара өрік егілуде.

Түркістан қаласында жақын уақытта бірнеше саябақ пайдалануға беріледі. Олардың қатарында Б.Саттарханов даңғылы мен Яссауи көшесінің бойында орналасқан «Желілік саябақ» пен «Орталық саябақ», «Түркі бағы» бар. Сондай-ақ «Әзірет Сұлтан қорық мұражайының аумағын абаттандыру да аяқталуға жақын.

Шығыс үлгісінде салынып жатқан «Keruen Sarai» тұрғын үй кешенінде болған облыс әкімі құрылыс барысымен танысты. Рухани-мәдени орталықта орналасқан «Keruen Sarai» тұрғын үй кешенінде жалпы аумағы 8 мың шаршы метрден асатын 125 баспана бой көтереді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер