Шетелдік журналистер Түркістанның тарихымен танысты


17.jpg

 Түркістан қаласында түркі елдері БАҚ басшыларының форумы аясында баспасөз туры ұйымдастырылды. Мажарстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан және Башқұртстан журналистері өңірдің көркем табиғатымен, бай тарихы мен жарқын мәдениеті, бұрынғы және қазіргі Түркістанмен танысты. Бұл - аймақтың туристік мүмкіндіктерін арттыру үшін қажет. Үш күн бойы қонақтар Отырар және Қазығұрт аймақтарын, соның ішінде Арыстан Баб кесенесін, Кеме қалғанының монументін, ботаникалық бақты аралады. Олар Қ.А. Яссауи кесенесі мен Ақмешіт үңгірінде болды. Ондағы көне жәдігерлердің архитектуралық ерекшелігі мен тарихи мән-маңызы журналистердің қызығушылығын оятты. Түркі әлемінің рухани астанасы саналатын Түркістан шаһарының бай тарихымен танысқан баспасөз турының қатысушылары сондай-ақ, Түркістан қаласындағы жаңа көпфункционалды "Керуен Сарай" кешені мен басқа да туристік нысандарды аралады. Шетелдік журналистер тобы Наурыз тойын Түркістанда тойлады. Түркі елдерінен келген журналистерге ұлттық ойындар мен қазақ халқының тағамдары ұсынылды. Сонымен қатар, БАҚ қызметкерлері "Түркістанның инвестициялық және туристік мүмкіндіктері"атты халықаралық медиа-форумға қатысты. Осы шара аясында "Түркістан медиафорумы: инвестициялық және туристік мүмкіндіктер"атты роуд-шоу ұйымдастырылды. Айта кету керек, шетелдік журналистер тобы Түркістанның жаңа келбеті таң қалдырды. Қонақтарға киелі Түркістанның заманауи шаһарға айналып, өзінің ежелгі келбетін сақтап қалғанына ерекше қызығушылық танытты.

Түркістан облысының таңғажайып табиғаты мен терең тарихына қаныққан қонақтар баспасөз турының жоғары дәрежеде өткендігін айтып, алғыстарын білдірді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Қай заманда қазақтың қызы қара жамылып, бүркеніп еді?»: Аягүл Миразова
  • Түркістан: Сарыағаш ауданында 28 түрлі кондитерлік өнім өндірілуде
  • Жеңіс ауыл округінде «Жасөспірім және Заң» атты жиын болып өтті
  • Түркістан облысы дін істері басқармасы Шұбар ауыл округі тұрғындарымен кездесті
  • Түркістан облысы дін істері басқармасы Шұбарсу ауыл округі тұрғындарымен кездесті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер