Келестік кәсіпкерлер мұқтаж жандарға баспана салуда

«Келес-Абай» қайырымдылық қорының көмегімен Келес ауданы Біртілек ауылдық округінен тұрмыстық жағдайы төмен 2 жанұяға арнап баспана салу жұмыстары бастау алды.

image.png

- «Осы игілікті шара бойынша ауданымыздың қалталы азаматтарына үндеу тастадық. Жерлесіміз, кәсіпкер, аудандық мәслихаттың депутаты Диас Абдиев бастама жасап, бүгін міне жаңа баспананың іргетасын қалау сәтіне куә болып отырмыз. Қасиетті Рамазан айында бастау алған игі шараға ынтымақты ел екенімізді көрсетіп, қолғабыс болсақ деген ниетіміз бар», - деді аудан әкімі Ақментай Есбаев.

Келес ауданында ашылған «Келес-Абай» қайырымдылық қорына ауданның қалталы азаматтары қолдау көрсетеді. Жиналған қаржыға тұрмыстың тауқыметін сезініп, үйсіз жүрген келестіктерді баспанамен қамту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қордың жетекшісі, кәсіпкер депутат Д.Абдиевтың айтуынша, қордың жұмысын жандандыра отырып, кәсіпкерлердің басын біріктіріп, баспана құрылысын жыл соңына дейін бітіру жоспарланып отыр.

Аудан әкімі Ақментай Есбаев тұрғынүй салынып жатқан алаңға барып, жоспардағы жобалармен танысып, нысанның іргестасын қалау шарасына қатысты. Ол алдағы уақытта өз мақсатында пайдаланылмай жатқан жерлер анықталса, осы қордың мұқтаж жандар үшін баспана салуына берілетінін айтты.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер