Тұрғындар өтініші назардан тыс қалмайды

Screenshot_11.jpg

Су - тіршілік көзі. Сусыз өмір жоқ. Су арқылы адамдар бүкіл шаруасын тындырады. Әсіресе ауылды жерде су өте қат. Сумен адамдар ас-ауқатын ғана дайындап қоймай, бақшасын суғарады. Малына береді. Құрылыс жұмыстарымен айналысады. Айта берсек судың маңызы өте көп, Және ешқашан жоғалмайды да. Сол себепті де барлық өңірде су мәселесін болдырмау, тұрғындар ауыз судан тапшылық көрмеу басты назарда болғаны жөн.

Осыған орай жақында Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылына қарасты Жібек жолы, Б.Момышұлы, М.Мақатаев, Бұғыбаев көшелерінің тұрғындарының арыз-шағымына байланысты 09.09.2021 жылы аудандық мәслихат хатшысы Ө.Көпеев және депутаттар С.Стыбаева, М.Нұран, аудандық тұрғын-үй коммуналдық, шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне қарасты «Таза су» мекемесінің жұмысымен танысып қайтты. 

Халық қалаулылары аталмыш мекемелердің басшылары Т.Абдакимов, А.Шамуратовпен бірге аудан көлеміндегі ауыз су нысандарын аралап, халықтың сұранысына сай су берудің жолдарын қарастырды. Тиісті мекеме басшылары осы бағытта алдағы уақытта атқарылатын жұмыс жоспарымен таныстырып, халықтың бұл өтініші қанағаттандырылатынын айтты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер