Көлік жүргізу құқығынан 7 жылға айырылды

2.jpg

Түркістан облысында мас халде көлік басқарған әйел 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Қазығұрттық патрульдік полиция тобының қызметкерлері жол-көлік апаттарының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында, «Қауіпсіз жол» рейдтік-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Осындай кезекті рейд барысында аудандық полицейлер түнгі  уақытта аудан көшелерінің бірінен «Volkswagen golf» маркалы автокөлігінің бағдаршамның қызыл түсінен өтіп кеткенін байқады. Содан тәртіп сақшылары көліктің алдына шыға отырып, оны тоқтатты. 

Жүргізуші әйелге қатысты сараптама тағайындалып, қорытындысына сай оның «орта дәрежелі» мас халде екені анықталды. Полиция қызметкерлері аталған жайтты   ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша тіркеді. Жинақталған іс құжаттар заңды шешім қабылдау үшін аудандық сотқа жолданды.  Осылайша спирттік ішімдік ішіп,  көлік тізгіндеген жүргізуші әйел  сот шешімімен 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды.

Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Автокөлікке мас халде отырмаңыз, бұның соңы жазатайым оқиғалар мен өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер