Түркістан облысы Жетісай ауданында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық шарасы кезінде қауіпсіздік белдігін тақпаған 36 жүргізуші анықталды.
Жол бойында орын алатын түрлі жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аудан аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізуде.
Рейд кезінде заңсыз құжатсыз жүрген 8 автокөлік айыптұраққа қойылып, 87 автокөлікке Әкімшілік кодекстің тиісті баптары бойынша хаттамалар түзілді. Атап айтар болсақ, көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзу бойынша – 35, көлік құралын басқару кезінде жүргізушінің телефонды не радиостанцияны пайдалануымен – 6, жол жүрісі қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамағаны үшін 36, маневр қағидаларын бұзу бойынша 10 хаттама толтырылды.
Мәселен, «Ваз 21144» маркалы автокөліктің жүргізушісіне қосымша жарықшам орнатқаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы «Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу», қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы «Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау» бойынша хаттама толтырылды.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі