15 өзбекстандық елден шеттетілді

25.jpg

Түркістан облысында 83 шетелдікке айыппұл салынып, 15 өзбекстандық елден аластатылды. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес ел аумағында 12-30 қыркүйек күндері аралығында «Жалданушы-2022» атты терроризмге қарсы жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Осыған байланысты Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Көші-қон қызметі бөліністерінің қызметкерлері бірлесіп, облыс аумағында ауқымды жұмыстар атқарып, рейд жүргізуде.

Мәселен Түркістан облысының полицейлері іс-шара басталғаннан бері 150-ден астам шетел азаматын тексерді. Нәтижесінде Қазақстан Республикасына келіп-кету заңнамаларын бұзған 83 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 517, 518-баптарымен хаттама толтырылды. Оған қоса Өзбекстан Республикасының 15 азаматы сот шешімімен ел аумағынан аластатылды. 

Жалпы мұндағы негізі мақсат – заңсыз көші-қон арналарын әшкерелеу, шетел азаматтарымен жасалатын қылмыстардың алдын алу, болдырмау, теріс діни ағымда жүргендерді анықтау болып табылады. 

Осы ретте Түркістан облысының полиция қызметкерлері құқық бұзушылықты анықтап қана қоймай, шетел азаматтары мен жұмыс берушілерге профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар көші-қон қызметі туралы заңдылықтарды сақтауды қатаң ескертеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер