Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін...

28.jpg

Жетісайлық полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізуде.

Түркістан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жетісай аудандық полиция бөлімінің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Жанна Шалбекова, медицина және психолог мамандарымен бірге түрлі мекемелерде кездесулер ұйымдастыруда. 

Жалпы шараның мақсаты – ерте жүктілік, отбасында әлімжеттікке тап болатындардың санын азайту, оларға көмек көрсету. 

Ұйымдастырушылар кездесу жиынына мектеп ұстаздарын, оқушылар мен ата-аналарды шақырып, оларға арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Әсіресе тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғалары, әйелдерге қатысты тіркелген қылмыстарға қатысты толық ақпараттар жеткізілді. Сонымен қатар осындай жағдайға тап болған кезде, атқарылу керек шараларды ортаға салып, кеңес берілді.

Полицейлер оқушылар мен ата-аналар тарапынан туындаған сауалдарға жауап беріп, алдағы уақытта да 8-11 сыныптар арасында бұндай жиындарды жалғастыратынын жеткізді. 

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға досыңызға, жақыныңызға қандай да бір әдіспен қауіп төнгенін білсеңіз, дереу 102 нөміріне хабарласуға кеңес береді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанда жаңа пәтерлер пайдалануға беріледі
  • Сарыағаш индустриалдық аймағы: Шикізаттан дайын өнімге дейін
  • Түркістанда гүл өсіру өнеркәсіптік деңгейге көтерілмек
  • Түркістан облысында жаңа өндірістік жобалар қолға алынуда
  • Ауыз су: Ендігі міндет қызмет сапасын көтеру
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер