Зорлық-зомбылық жасаған 3500 адам полиция бөліміне жеткізілген

1603.jpg

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысында атқарылған жұмыстар нәтижесінде тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған 3500-ге жуық адам полиция бөліміне жеткізілген. Бұл туралы Түркістан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысында айтылды.

Жиында балалар мен әйелдердің денсаулығын, өмірін қорғау туралы мәселелер қозғалды. Ал отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстар бойынша Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты Жергілікті полиция қызметі басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция подполковнигі Жанар Қалабаева баяндама жасады.

– Полиция департаментінің құрылымдарымен әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында, облыс көлемінде «Құқықтық тәртіп», «Тұрмыс», «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы мен «Зорлық-зомбылықсыз отбасы», «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жоқ!» және «Отбасындағы бейбітшілік» атты акциялары ұйымдастырылды. Жалпы ағымдағы жылдың 9 ай мерзімінде тұрмыста жасалған құқық бұзушылықтар бойынша азаматтардан келіп түскен арыз-шағымдар негізінде әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін сотқа 2326 іс құжаттар жолданып, оның ішінде 64 пайызы екі жақтың татуласуына байланысты қысқартылды. Облыс бойынша 3500-ге жуық тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адам ішкі істер органдарына жеткізілді. Барлығы 3412 қорғау нұсқамасы шығарылды. Тіркелген қылмыстарды сараптау барысында мамандар отбасындағы жанжалдың орын алуына көп жағдайда ішімдік себеп болады, – деп Жергілікті полиция қызметі басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция подполковнигі Жанар Қалабаева атап көрсетті.

Жиын соңында полицейлер тарапынан әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бағытындағы жұмыстар одан әрі жалғасатыны айтылды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер