Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысының Жетісай ауданында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша учаскелік полиция инспекторлары жұмылдырылды. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспаөз қызметі хабарлады.
Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар аясындағы әйелдерге және балаларга жасалынатын зорлық-зомбылық мәселесiн зерттеу мақсатында, Жетісай ауданы көлемiнде учаскелік полиция инспекторлары тартылды. Аталмыш полицейлер өз аумақтарында тiркелген жайсыз отбасыларға барып, тұрмыстық жағдайын тексеріп шықты.
Шараның негізгі мақсаты зорлық-зомбылықтың тәсiлiн және әдiсiн, сондай-ақ оның себептерi мен жағдайларын анықтау болып табылады. Және алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстарды тиiмдi ұсыныстарды қолға алу.
Профилактикалық шара кезінде полицейлер, тұрғындарға заң тұрғысынан толыққанды түсіндіріп, қандай да бір кұқық бұзушылық дерегі орын алған жағдайда бірден полицияға хабар берулерiн ескертті.