Оқушыларға зорлық-зомбылықты болдырмауды түсіндіріп, үйлерді аралады


Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысында саурандық сақшы оқушы қыздармен сырласып, қорғау нұсқамасына алынған отбасылардың жай-күйін білді. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспаөз қызметі хабарлады.

Сауран аудандық полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция аға лейтенанты Мадина Баймаханның ұйымдастыруымен «Қызыл әскер» мектебінде келелі кездесу өткізілді. Іс-шараға полицеймен бірге психолог мамандар қатысып, мектеп оқушыларына «Тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Әсіресе қыз баласының тәрбиесі жөнінде, сондай-ақ отбасы жайында қозғалып, құнды ақпараттар айтылды. Оқушыларға отбасындағы, қоғам алдындағы жуапкершіліктері, сондай ақ заңға қайшы әрекетке бармаулары бойынша да ақыл-кеңес айтылды. "Қыз баланың міндеті мен тәрбиесі" тақырыбында дебат ұйымдастырылды. Және психолог мамандары кері байланыс жасап, сұрақ қою арқылы қатысушы қыздарымыздың ойларын тыңдап, сырласу сәті өткізілді.

Сонымен қатар, полиция аға лейтенанты М.Баймахан басқа да білім бері ұяларында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Одан бөлек профилактикалық бақылау есебіне алынған, қорғау нұсқамасы шығарылған тұлғалардың тұрғылықты мекен-жайлары бойынша аралап шықты. Олардың жұбайларымен тиісті деңгейде сұхбаттар жүргізді. 102-ге түскен хабарламалар бойынша азаматшалардың тұрғылықты мекенжайына бекітілген учаскелік полиция инспекторларымен бірге барды. Қажеттілерін қорғау нұсқамасына алып, барынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер