Екі жыл алдаған шетелдік ұсталды

2103.jpg

Жөндеу жұмыстарын жасаймын деп 3,5 миллионнан астам ақшаны алдап әкеткен шетедік анықталды. Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, шетел азаматы құрылыс жүріп жатқан үйіне 10 дана есік пен екінші қабатқа көтерілетін баспалдақты жасап беретінін айтып, 3 миллион 500 мың теңге ақшасын алған. Жәбірленуші екі жыл бойы алаяқтың сөзіне сеніп келген, алайда ол не ақшасын қайтармаған, не уәдесін орындамаған. Осы мәселенің түйінін шешу мақсатында жәбірленуші азамат полицейлердің көмегіне жүгінді. Тәртіп сақшылары аталған жайтты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.

Түркістан қалалық Полиция басқармасының полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдіктіні ұстады. Күдікті көрші Өзбекстан елінің азаматы болып шықты.

Белгілі болғандай, күдікті танысын екі жыл бойы әртүрлі сылтауларды айтып сендіріп келген. Ал сабыры таусылған жәбірленуші, алаяқтың құрбаны болғанын сезіп, полициядан көмек сұрайды. Қазіргі таңда күдікті азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген он жобаның бірі – «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын жүзеге асыруды көздеген Қандай жағдай болмасын, анық-қанығын білмей, белгісіз азаматтарға ақша аудармауға және бермеуге, сенбеуге қатаң ескертеді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер