Қошқар сатып қашқан шетелдік ұсталды

2102.jpg

Түркістан облысында жұмыс берушісінің асыл тұқымды қошқарларын сатып, қашып кеткен шопан анықталды. Ордабасы аудандық полиция бөліміне Шымкент қаласының тұрғыны арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, оның қарамағында жұмыс істейтін шопаны құны 1 миллион теңге болатын бес бас асыл тұқымды қошқарларын рұқсатсыз сатып, өзі қашып кеткен. Бұл жайында жәбірленушіге танысы хабарласып, қойлары қараусыз жүргенін жеткізгенде бірақ біледі.

Полицейлер аталған жайтты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркеді. Осы қылмысқа байланысты тәртіп сақшылары бірден іске кірісті. Куәлардан сұрастырып, жан-жақты тексеру жүргізді. Нәтижесінде жинақталған ақпарат көздері арқылы Алматы қаласына қашпақ болған шопан дер кезінде анықталды.

Ол полиция бөліміне жеткізіліп, орын алған жайттың ақ-қарасын ажырату мақсатында жауап алынды. Анықталғандай, күдікті Өзбекстан Республикасының азаматы бір жылдан бері жәбірленушінің қойларын бағып жүрген. Алайда осы жолы тұрғынның бес бас қошқарын таныстарына сатып, қалған малдарды қараусыз қалдырып, өзі бой тасалаған. Қазіргі таңда күдікті азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Айғақты зат ретінде талан-таражға түскен малдар алынып, заңды иесіне қайтарылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген он жобаның бірі – «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын жүзеге асыруды көздеген Түркістан облысының полиция қызметкерлері азаматтардан алаяқтардың арбауына түсіп қалмауды сұрайды


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер