Түркістан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген он жобаның бірі – «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын жүзеге асыруды көздеген полиция қызметкерлері жүргізуші куәлігінсіз көлік тізгіндеген жігіт жиырма тәулікке әкімшілік қамауға алды. Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасының алдын алу мақсатында күнделікті рейд жүргізуде. Осы тұрғыда Төлеби аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері түңгі сағат 22:30 шамасында «Опель-Вектра» маркалы автокөлікті тоқтатты. Оны тексеру кезінде, ер адамның көлік құралын басқару құқығы жоқ екендігі анықталды. Сонымен қатар полицейлер оның масаң күйде екендігіне күдіктеніп, сараптама тағайындады.
Сараптама қорытындысына сәйкес жүргізушінің алкогольді мас күйде екендігі белгілі болды. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодеекстің 608-бабы 6-бөлігі «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша тіркеді.
Жинақталған іс-құжаттар сотқа жолданды. Нәтижесінде, мас халде көлік тізгіндеген жүргізуші жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, көлік айыптұраққа қойылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген он жобаның бірі – «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын жүзеге асыруды көздеген Түркістан облысының полиция қызметкерлері көлік басқару құқығы жоқ жүргізушілерге көлік айдамауға кеңес береді.