Ел қауіпсіздігін қамтамасыз еткен полиция алғыс алды

2209.jpg

Түркістан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген он жобаның бірі – «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын жүзеге асыруды көздеген полиция қызметкерлерінің атына «Алғыс хат» келді. Бұл туралы Түркістан облысының Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Саурандық тұрғындары атынан тәртіп сақшыларына «Алғыс хат» келді. Жергілікті тұрғындар зейнеткер ұстаз Амит Тажибаев, ауыл ақсақалдары Төлбасы Құрманбеков, Абдусаттар Джаханов, «Алтын алқа» иегері Анжир Қожамбердиева ризашылығ осылай жеткізді. Аталған ауыл азаматтары Түркістан облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Алмасхан Тастанбеков пен осы басқарманың инспекторы полиция аға лейтенанты Жасдәурен Нұрғазиевке алғыстарын жаудырып, хат жолдады.

Нақтырақ айтсақ, ауыл үлкендері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өздерінің ұсыныс-пікірлерін жазып, мемлекеттік органға өтініш қалдырған. Ал мұны тиісті құрылым қызметкерлері назарға алып, бірден зерттеп жұмыстарын жүргізеді. Тұрғындар көрсеткен аймақты түгел қарап, қандай да бір қажетті жол белгілерін қою мүмкіншілігін қарастырады. Нәтисінде зерделеу жұмыстары мәселенің оң шешілуіне ықпал етеді.

Атап айтсақ, Сауран ауданы Оранғай ауылдық округінің 18-500 шақырымы толық тексеріліп, аталған жолға екінші жолмен қиылысатын 4 дана жол белгісі қойылады. Оған қоса 4 дана жаяу жүргінші өтпесі, 2 дана ең жоғары жылдамдықты шектеу (60) жол белгісі, 2 дана басты жол белгісі, 2 дана жол беріңдер белгілері орнатылады. Сондай-ақ жылдамдықты өлшейтін 2 дана «Сергек» бейнебақылау камералары қойылды.

Осы жұмыстардың атқарылуына тікелей септігін тигізген полицейлерге тұрғындар шынайы ризашылықтарын жеткізді. Өз міндеттерін кәсіби деңгейде орындаған, өзекті мәселені шешуге уақтылы көмектескен, жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жасалған жұмыстарына шексіз алғыстарын білдірді. Олар полицейлердің қызметтеріне сәттілік, ел мүддесі үшін жасалатын істеріне абырой тілеп, хатқа түсірді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер