Түркістан облысында 378 шетелдік елден шығарылды

2701.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген он жобаның бірі – «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын жүзеге асыруды көздеген Түркістан облысының полицейлері ағымдағы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан облысы Полиция департаментінде 2022 жылдың 9 айында атқарылған жедел-қызметтік жұмыстың қорытындысы бойынша кеңес өтті. Оған Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов, оның орынбасарлары, департамент аппараты мен қалалық және аудандық полиция бөлімдерінің басшылары қатысты.

Түркістан облысының полицейлері атқарған жұмыс қорытындысы жөнінде Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Бағланбек Айтпаев баяндама жасады.

2702.jpg

Ол қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмысқа қарсы іс-қимыл және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша тиісті шаралар іске асырылғанын атап өтті.

Мәселен ағымдағы жылдың 9 айында облыс бойынша көшелерде жасалған қылмыстар төмендеген. Патрульдік полицейлермен қылмыстарды «ізін суытпай» ашу көрсеткіші 3,7 пайызға өсті. Сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстар саны 3 пайызға азайды. 3412 қорғау нұсқамасы шығарылып, оның ішінде 504 адамға қатысты сот ерекше талаптар қойды. Профилактикалық іс-шараларды өткізудің нәтижесінде жасөспірімдер қылмысы 19,4 пайызға, ал кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар 21 пайызға төмендеді.

Полиция қызметінің маңызды бағыты - жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл бағытта атқарылған шаралар нәтижесінде республикалық маңызы бар трассалардағы жол-көлік оқиғасы 24 пацызға, қаза тапқандар саны 16 пайызға, ал зардап шеккендер саны 8 пайызға төмендеді. Жыл басынан бері мас күйінде көлік жүргізген 763 жүргізуші анықталды. Сондай-ақ полиция қызметкерлері жол апатын азайту мақсатында "дрондардың" көмегін пайдаланып, екі күн ішінде жол қозғалысы ережесін бұзудың 45 жайтын анықтады, оның ішінде 28-і қарсы жолаққа шыққандар. Автокөлік жүргізушілеріне 1,5 миллион теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Сонымен қатар ағымдағы жылдың 9 айында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 7960 шетелдік пен ҚР азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 2558-іне ескерту жасалса, 4255-іне әкімшілік айыппұл салынды. Ал 664 шетелдік әкімшілік қамауға алынды. 378 шетелдік елден шығарылды.

Кеңес соңында облыстың бас полицейі құқықтық тәртіпті одан әрі нығайту және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша басым мақсаттар мен міндеттерді белгіледі. Сондай-ақ қылмыстарды ашу бойынша жұмысты ұйымдастыруға ерекше назар аударды. Жиналыста айтылған барлық мәселелер бойынша тиісті бөлімшелерге нақты тапсырмалар берілді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер