Түркістан облысыда мұнай өнімдерін заңсыз сатудың 6 жайты анықталды

2804.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген он жобаның бірі – «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын жүзеге асыруды көздеген Түркістан облысының полицейлері мұнай өнімдерін заңсыз сатудың 6 жайтын анықтады. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы Ішкң істер министрлігінің нұсқауына сәйкес ағымдағы жылдың 24-26 қазан аралығында Түркістан облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы "Отын-Энергетика" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Оның негізгі мақсаты отын-энергетика саласындағы қылмыстардың алдын алу, анықтау және жолын кесу болатын.

Мәселен, Түркістан облысы Полиция департаментінің ҰҚҚІҚБ қызметкерлері тексеріс ұйымдастырып, кенттердің бірінде жанар-жағармай материалдарын заңсыз сатумен айналысқан жергілікті тұрғынды анықтады. Полицейлер сезікті әйелдің дүкен қоймасынан түрлі контейнерлерге құйылған шамамен 500 литр бензин мен резеңке шлангты айғақты зат ретінде тәркіледі.

Сондай-ақ жедел уәкілдер дәл осы күні Сарыағаш ауданында орналасқан қараусыз жанар-жағармай бекетінде мұнай өнімдерін тиісті құжаттарсыз заңсыз сақтау және сату дерегін анықтады. Аудан тұрғынынан тәртіп сақшылары 5 тонна дизель отыны бар цистернаны тәркіледі. Ер адам одан әрі жауап алу үшін Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Полиция қызметкерлері бұдан бөлек жанар-жағармай материалдарын заңсыз сатудың жайттарын Созақ, Түлкібас және Келес аудандарында анықтады.

Полицейлер аталмыш "Отын-Энергетика" жедел-профилактикалық шарасы аясында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 197-бабы 1-бөлігі "Мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау, сатып алу, өткізу, сақтау, сондай-ақ олардың шығу тегінің заңдылығын растайтын құжаттарсыз мұнайды қайта өңдеу" бойынша 6 жайтты тіркеді. Заңсыз айналымнан 7 тоннаға жуық жанар-жағармай, оның ішінде дизель мен бензин алды.

Қазіргі уақытта барлық анықталған жайттар бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер мұндай іс-шаралар өз жалғасын табатынын жеткізді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер