Заңсыз балық аулағандар ұсталды

2803.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген он жобаның бірі – «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын жүзеге асыруды көздеген Түркістан облысының полицейлері заңсыз балық аулағандарды анықтады. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Шардара ауданының полицейлері Шардара су қоймасының аумағында заңсыз балық аулаудың кезекті жайтын анықтады. Рейд кезінде табиғатты қорғау тобының полицейлері балық шаруашылығы инспекторларымен бірлесіп, су қоймасында заңсыз балық аулаумен айналысқан екі браконьерді ұстады. Олар Келес ауданы мен Алматы қаласының тұрғындары болып шықты. Полиция аталмыш ер адамдардан 58 келі балық (көксерке), қайық және балық аулау құрал-жабдықтарын тәркіледі.

Бұл жайт Қазақстан республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабы "Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз өндіру" бойынша тіркелді. Одан әрі заттай дәлелдемелері бар браконьерлер полиция бөліміне жеткізілді.

Қазіргі уақытта Шардара су қоймасындағы заңсыз балық аулау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары браконьерліктің және табиғи ресурстарды заңсыз өндірудің жолын кесу бойынша профилактикалық іс-шараларды жалғастыруда.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарды табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға және қоршаған ортаны қорғауға шақырады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер