Есірткі еккен әйел бір жылға сотталды

2802.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген он жобаның бірі – «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын жүзеге асыруды көздеген Түркістан облысының полицейлері анықтаған есірткі еккен әйелге бас бостандығын шектеу жазасы шығарылды. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан облысында өз ауласында заңсыз есірткі еккен Сарыағаш ауданының 57 жастағы тұрғынына үкім шықты. Нақтырақ айтсақ, Сарыағаш аудандық Полиция бөлімінің полицейлері жедел-профилактикалық іс-шара кезінде үйінде есірткі еккен күдіктіні ұстады. Ал, әйел оны өзі тұтыну үшін өсіргенін жеткізді.

Аталмыш күдіктіден полицейлер заттай дәлел ретінде құрамында есірткісі бар 5 түп өсімдікті тәркілеп, сараптамаға жіберді. Қорытындыға сәйкес оның 3-еуі сора, ал 2-еуі көкнар есірткісі болып шықты.

Бұл жайт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабы "Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру" бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде жинақталған материалдар айыптау актісімен бірге заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. Нәтижесінде Сарыағаш аудандық соты 57 жастағы сотталушыға бір жыл бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарды жаман әдеттерден бас тартуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырады. Есіңізде болсын, есірткіні заңсыз егу және сақтау қатаң қылмыстық жауапкершілікке тартылады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер