Құрылыс аппаратын ұрлап ұсталды

0303.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген он жобаның бірі – «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын жүзеге асыруды көздеген Түркістан облысының полицейлері арызданушының сарайына ұрлыққа түсіп, шлакоблок құятын аппаратын ұрлаған жас жігітті анықтады. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан полициясына жергілікті тұрғын ұрлық жайтының құрбаны болғандығы жөнінде арызданып келді. Жәбірленушінің айтуынша, түнгі уақытта ауласында орналасқан сарай ішіне белгісіз біреу кіріп, шлакоблок құятын аппаратын жымқырып кеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 250 мың теңгеге жуықтайды. Полиция қызметкерлері аталған жайтты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекснің 188-бабы, яғни «Ұрлық» қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркеді.

Хабар алысымен аталған қылмысты ашу мақсатында түркістандық тәжірибелі полиция қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел уәкілдер қажетті іс-шаралар кешенін жүргізіп, жақын маңдағы аумақтарды аралап, куәлардан сұрастырды. Тәртіп сақшылары тыңғылықты атқарылған істің нәтижесінде, жан-жақты жинақталған мәліметтерді саралай келе, аталған іске күдікті ретінде ер адамды анықтады. Ол жергілікті тұрғын, жәбірленушінің туыс інісі болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Белгілі болғандай, күдікті оңай жолмен ақша табуды көздеген. Осылайша жәбірленушінің үйіне ұрлыққа түскен. Қолды болған заттарды темір алатын орынға сатып, ақшасын бас пайдасына жаратқан. Ұрланған шлакоблок құятын аппарат айғақты зат ретінде алынып заңды иесіне қайтарылды. Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуды және өз үйлерін қараусыз қалдырмау керектігін ескертеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер