Сиырын тауып берген полицияға алғысын айтты

0302.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген он жобаның бірі – «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын жүзеге асыруды көздеген Түркістан облысының полицейлері тұрғынның жоғалған сиырын тауып беріп, алғыс алды. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын бір бас сиырының жоғалып кеткендігі туралы айтып, көмек сұраған. Ол сиырын Мақтаарал ауданы Ынталы елді мекеніне қарасты егістік алқапта жайылымға жібергенін, оларды іздеп барғанында сол аймақтан таба алмағандығын көрсеткен. Полиция қызметкерлері аталған хабарлама бойынша жедел іздеуге кірісті. Ауыл аймақтарын, егістік алқаптарын, бақташылардың сиыр баптайтын жерлерінің барлығын толық тексеріп шықты.

Жүргізілген іздестіру іс-шаралардың нәтижесінде, жоғалған сиыр небары 5 сағат ішінде 10 шақырым қашықтықта көрші ауылдан жайылып жүрген жерінен табылды. Осылайша тәртіп сақшылары жоғалған сиырды тауып, өз иесіне табыстады.

Өз кезегінде малынан көз жазып қалған тұрғын полиция қызметкерлерінің атқарған қызметіне шынайы ризашылығын білдірді. «Мен, Қайрат Маханов, сиырымды жоғалтып алған болатынмын. Өз бетімше іздеп таба алмадым. Содан соң полицейлерге хабарласып, көмек сұрадым. Олар аз уақыттың ішінде сиырымды тауып берді. Барша полиция қызметкерлеріне алғысымды айтамын. Жұмыстарыңыз өрге баса берсін!»-деп, алғысын айтты. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер