Жайлымнан мал ұрлауды кәсіп еткен екеу ұсталды

2020_01_24_mal-urlygy-3-640x480@2x.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген он жобаның бірі – «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын жүзеге асыруды көздеген Түркістан облысының полицейлері жайылымнан мал ұрлаумен айналысқан екі адамды қамауға алды. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Төлеби ауданы полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, түнгі уақытта жайылымда жүрген 1 бас биесі мен құлынын белгісіз біреулер ұрлап кеткенін жеткізді. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 1 миллион теңгені құрады. Аталған жайт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркеуге алынды.

Ақпарат алысымен мал ұрыларын ұстау мақсатында жедел-тергеу тобы оқиға орнына шықты. Куәлардан жауап алып, іздестіру жұмыстарын жүргізді. Осындай жедел әрекеттің нәтижесінде, полицейлер күдіктінің ізіне түсіп ұстады. Полиция бөліміне жеткізілген екеу, Сайрам ауданының тұрғындары болып шықты.

Анықталғандай, күдіктілер түнгі уақытта жайылымда қараусыз жүрген бие мен құлынды айдап әкеткен. Содан оңай жолмен келген олжаларын арзан бағада сатып жіберген.

Тергеу кезінде күдіктілердің бұдан бөлек 3 жайт мал ұрлығына қатысы бары анықталды. Онда мал ұрылары үш сиыр мен 1 бас жылқыны жымқырған. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 2 миллион теңгеден асады. Ұрланған малдарды сатып, ақшаларын өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Қазіргі таңда күдіктілер қамауға алынып, оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мал ұрлығы қылмыстарының алдын алу мақсатында Түркістан облысының полиция қызметкерлері ескертеді: мал асыраушы тұрғындар қора-жайларыңызды мықты етіп бекітіп, төрт-түліктеріңізді жайылымдарға бақташысыз жібермеңіздер. Мал ұрлығы өршіп тұрғандықтан, оның шешімін табуда тек полиция ғана емес, жұртшылықтың да күш-жігері ауадай қажет екендігін ұмытпаңыздар. Сонымен қатар облысымызда жергілікті әкімдік, шаруа қожалығының басшысы және бақташы арасында үшжақты келісім-шарт жасау қолға алынған. Мұндағы негізгі мақсат – ауылдық жерлердегі мал ұрлықтарының алдын алу.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер