Оқушыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

1507.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген он жобаның бірі – «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын жүзеге асыруды көздеген Түркістан облысының полицейлері оқушылармен профилактикалық әңгімесулер өткізуде.

Отырар ауданының полиция қызметкерлері 7-11 сынып оқушылары арасында «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және зорлық-зомбылыққа жол бермеу» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды.

Атап айтсақ, Отырар аудандық полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының инспекторы полиция капитаны Динара Есенова Аққұм ауылдық округінде орналасқан Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы орта мектепте профилактикалық іс-шара ұйымдастырды.

Онда оқушыларға қылмыстың алдын алу, құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік бары айтылып, темекі мен алкогольді тұтынудың жағымсыз салдары туралы ақпараттар берілді. Және түнгі уақытта үйден тыс жерде болмау, жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізбеу, сондай-ақ қоғамдық орындарды ластамау туралы да айтылды.

Сондай-ақ жиналыста тәртіп сақшылары жасөспірімдерді қоғамдық тәртіпті сақтауға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Полицейлердің айтуынша, мұндай іс-шаралар кәмелетке толмағандарға мінез-құлық туралы ойлануға және заңсыз әрекеттер жасағаны үшін жауапкершілік барын есте сақтауға көмектеседі.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанда жаңа пәтерлер пайдалануға беріледі
  • Сарыағаш индустриалдық аймағы: Шикізаттан дайын өнімге дейін
  • Түркістанда гүл өсіру өнеркәсіптік деңгейге көтерілмек
  • Түркістан облысында жаңа өндірістік жобалар қолға алынуда
  • Ауыз су: Ендігі міндет қызмет сапасын көтеру
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер