Жоғалған бала Алматыдан табылды

1506.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген он жобаның бірі – «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын жүзеге асыруды көздеген Түркістан облысының полицейлері жоғалған жасөспірімді Алматы қаласынан тапты.

Сауран аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғынның бірі арызданды. Әйелдің айтуынша, оның кәмелетке толмаған ұлы үйден белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған. Жоғалған баланың туыстары алдымен өздері іздеген, алайда оны табудың өзіндік әрекеттері нәтиже бермейді. Содан кейін жасөспірімнің ата-анасы полициядан көмек сұрайды.

Хабарламаны алған полицейлер, дереу кәмелетке толмаған жасөспірімді іздеуге кірісті. Баланың белгілері аудандағы полицейлердің барлығына хабарланып, бағытнама берілді. Содан тәртіп сақшылары жақын маңдағы көшелер мен аулаларды, сондай-ақ бала бара алатын жерлерді мұқият қарап шықты.

Бірнеше күн бойы жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, саурандық полиция қызметкерлері жоғалған жасөспірімді Алматы қаласынан тапты. Баланы аудандық полиция бөліміне жеткізіп, анасына тапсырды. Белгілі болғандай, жасөспірім отбасылық жанжалға байланысты үйден кеткен. Өз кезегінде кәмелетке толмаған баланың туыстары полиция қызметкерлеріне жоғалған жасөспірімді іздеуде көрсеткен кәсіби шеберлігі мен жедел көмегіне алғыс айтты.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер