Түркістан облысы, Түлкібас ауданындағы Т.Рысқұлов атындағы жалпы орта мектебінде «Қоғамның әлеуметтік жаңғыруы жағдайында мектептегі тәрбие жұмысын жоспарлау, басқару және жобалау" тақырыбында аудандық тәлімгерлер семинары өтті.
Өскелең жас ұрпақты жан-жақты үйлесімді дамуға, әлеуметтік және қоғамдық жұмысқа белсене қатысуға тәрбиелеу мақсатында өткізілген семинарға аудандық білім бөлімінің әдіскері Бурлибаева Ақмарал Талғатқызы және ауданның барлық мектептерінен 49 аға тәлімгер қатысты.
Семинар барысында педагог-психолог Кенжегүл Избанбетова қатысушы қонақтарға психологиялық ахуал жасаудан бастады.
Бағдарламада:
Мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының TEDx әлеуметтік жобасы бойынша қосымша білім педагогы Фархат Дуанабеков оқу мен тәрбиені ұштастыра отырып, өзін-өзі басқару және «Адал ұрпақ» ұйымының жұмыстарын шебер көрсете білді. Және де Ф.Дуанабековтың оқушылармен бірге «Өмірдің өзі театр» бейнеролигі, «Тіл табысқандар» атты комедиялық қойылымы өте сәтті шықты.
8 «Ә» сынып жетекшісі Завева Ғалия жылдық тәрбие сағатын кьюар код арқылы жоспарлап, оның мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар үшін де тиімді әрі оқушылардың алдын ала тәрбие сағатына дайын болып келетіндігін, нәтижесінде сыныптың көптеген жетістікке жеткендігін бейнеролик арқылы көрсетті.
Бастауыш сынып мұғалімі Айтаева Умида «Аю мен маса» қуыршақ театрын өте жоғарғы деңгейде көрсетіп, көрермен алғысына бөленді.
Мектептің аға тәлімгері Амирбекова Динара «Егеменді елдің-Ұланымыз» ұранымен 4-сынып оқушыларын «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау жиынын өткізді. Оқушыларға, келген қонақтар галстук тақты.
Сонымен қоса, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бейсеева Махбал, ұйымдастырушы педагог Тұрманбеков Төлеби 7-сынып оқушыларына «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбында «Тимбилдинг» атты спорттық ойынын ұйымдастырды . Жарыс өте қызықты әрі тартымды өтті.