Бүгін Кентау қаласының №10 жалпы орта мектебінде 2022-2023 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңі 16 секциядан 4 бағыт бойынша өтті.
Конкурстың негізгі мақсаты балалардың зерттеу кызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.
І бағыт; «Ғылыми-техникалық прогресс экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде» - секциялар: физика; техника; Жер және ғарыш туралы ғылым.
ІІ бағыт; «Экономикалық және әлеуметтік үрдістерді математикалық модельдеу» - секциялар: математика; Қолданбалы математика; информатика; экономика.
ІІІ бағыт; «Салауатты табиғи орта - «Қазақстан-2030» стратегиясын жүзеге асырудың негізі» - секциялар: химия; биология; қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы.
ІV бағыт; «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалы туристік маршруттар» - секциялар: тарих; өлкетану; этномәдениеттану; тіл білімі; адам және қоғам; әдебиет.
Қалалық, аудандық білім бөлімдерінен және мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаттарынан аталған конкурсқа 412 оқушы қатысуда.
Ұйымдастыру комитеті облыстық кезеңін дайындауға және өткізуге тікелей басшылықты жүзеге асырады, қазылар алқасының құрамын, қатысушы командалардың тізімін бекітеді. Конкурстың қорытындысын шығарады және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттайды. Қалалық, аудандық білім бөлімдері мен облыстық мекеме басшылары конкурстың облыстық кезеңінің өткізілуі орнына дейін және кері қайту жолында, қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін толық жауапкершілікте болады. Қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын тексереді және бағалайды,жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.