«Ұрпағы ұлықтаған тұлға»

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылындағы Д.Қонаев атындағы аграрлық-техникалық колледжінде Қазақ КСР-ның аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Д.Қонаевтың 110-жылдығына арналған «Ұрпағы ұлықтаған тұлға» ғылыми-мәдени іс-шарасы өтті.

Screenshot_8.jpg

Шара аясында қайраткер өмірін зерттеп жүрген белгілі қаламгер, қонаевтанушы, «Таңғажайып Қонаев» кітабының авторы Ораз Қауғабай, колледж студенттерімен кездесті. Келелі бас қосуға жиналғандар ең алдымен ұлы тұлғаны бір минут үнсіздікпен еске алды.

Кездесуге Шымкент қаласындағы Қонаев атындағы мұражай директоры Ерназар Пернеев, Сайрам аудандық «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Жаңабек Хамраев және аталмыш оқу ордасының ұжымы қатысты. 

Шараға қатысқандар «Таңғажайып Қонаев» кітабының мазмұнымен танысып, тұлғаның ел үшін жасаған игі істерін сөз етті.

Дінмұхамед Қонаев жайлы қызықты деректерге назар аударсақ ол- ССРО да ең биік саяси лауазымға ие болған алғашқы қазақ. Ол ССРО-ның ішкі және сыртқы саясатын басқаратын 15 мүшелік политбюро мүшесі болған. Отбасында 11 баланың 4-іншісі. Хоббиі: қару-жарақ коллекциялаған, аңшылықты ұнатқан. Қонаевтың жеке күзетшілері болмаған. 

Айта кетейік, Ораз Қауғабай ұзақ жылдан бері мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың өмір жолын зерттеп жүрген қаламгер. Жазушының «Таңғажайып Қонаев» атты роман-эссесінде тұғырлы тұлғаның ата-анасы, балалық шағы, қызыққа толы студенттік өмірі, қызмет жолы көркем баяндалған. Сонымен бірге, бұл кітапта қайраткердің қара-пайымдылық, парасаттылық қасиеттері айқын көрініс тапқан. 2008 жылы «Қазығұрт» баспасынан жарық көрген бұл кітап 2014 жылы оқырмандар сұранысымен қайта басылған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер