«Ұлы Тұран ұрпақтары» өлкетанулық фестивалі бас қосты

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-нің ұйымдастыруымен Төлеби ауданы, Біркөлік шатқалында орналасқан туристік-спорттық лагерінде «Ұлы Тұран ұрпақтары» өлкетанулық фестивалі өтті.

Screenshot_1.jpg

Фестивалге «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-не қарасты қала, аудандық бөлімдердің құрама топтарынан жалпы саны 110 үйірмеші қатысты. 

Фестиваль мақсаты: 

Балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту; 

Салауатты өмір салтын насихаттау;

Оқушыларды азаматтық және патриоттық сезімге тәрбиелеу; 

Оқушылардың туристік ептіліктері мен шеберліктерін арттыру;

Топтар арасынан үздік туристік топтарды анықтау. Сонымен бірге өңірімізде балалар және жасөспірімдер туризмін өркендету бағытында және экология тақырыбындағы жұмыстарды жандандыруда аудандармен бірлесіп іс-шаралар атқару. Сондай-ақ, төтенше жағдай кезіндегі көрсетілетін іс-тәжірибемен алмасу, педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

Семинарда тақырып аясында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, қатысушылар өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған «Түркістан – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Гүлзия Қарсыбай жемқорлықтың алдын алу бойынша баяндама жасады.

Бекітілген іс-шара жоспарына сай семинарға қатысушылар Біркөлік шатқалына жорыққа шықты. Таудағы саяхатта қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, сақтық шараларының алғышарттары көрсетілді.

Фестиваль кезеңдері:

1. «Жасанды кедергілер жолағы» туристік жарысы. 

2. «Туристік түйіндер» сайысы. 

3. «Топографиялық белгілер» сайысы.

Фестивалдің ашылу салтанатында «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-нің директоры Сәуле Өмірсерікқызы жарысқа қатысушыларды құттықтап, үйірмеші топтарға сәттілік тіледі.

Фестивалге қатысушы қала, аудандық қосымша білім беру мекемелері үйірмешілерінің арасындағы жарыс тартысты өтті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер