Түркістан облысы, Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Ә.Жангельдин атындағы №27 жалпы орта мектебінде подполковник Аманбек Шуканов атындағы «Жас шекарашылар» әскери-патриоттық клубтар арасында «Жас шекарашылар» әскери-патриоттық клубтарының жұмыстарын жандандыру, «Жас сарбаз» жасөспірімдер қозғалысын дамыту мақсатында әскери-патриоттық жастар жарысы өтті.
Жиынның ашылу салтанатында Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Шукурбаева Ғазиза Әлібекқызы сөз сөйлеп, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі. Жиынға ауған соғысы ардагерлері, ауыл ақсақалдары, аудандық мектептерден 240-тан аса оқушылар 72 АӘжТД оқытушы ұйымдастырушылары қатысты. Жиын барысында, әскери-көпқолданбалы спорт түрлері, АК-74 оқу автоматтарын уақытқа толық емес бөлшектеп қайта жинау, пневматикалық қарудан нысанаға ату, әскериленген эстафета, тактикалық әскери жарыстар белгіленген ереже бойынша өткізілді. Жарыс қортындысы бойынша жеңімпаз әскери патриотық клубтар аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің дипломдары және медаль, кубоктарымен марапатталды.
Жас сарбаздар көпшілік алдында Қазақстан Республикасының Ата заңы мен басқа да заңдарын қатаң сақтауға, патриоттық рухты биік қойып, Отанды қорғауға, оның мүдделерінің ержүрек әрі батыл қорғаушысы болуға уәде берді.
Бүгінгі күні елімізде 6 198 әскери-патриоттық бағыттағы осындай сыныптар мен клубтар жұмыс істейді. Оған 179 224 тәрбиеленуші мүше. Ант қабылдау рәсімі жастарды әскери-патриоттық тәрбие беруде жан-жақты дамытуға, жобаларды іске асыруға, әскери-патриоттық іс-шараларға қатысуға бағытталған ынтымақтастықты орнатуға арналады. Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру, оларға Отанға деген сүйіспеншілік сезімін ояту.