Жалғызбасты ана демеушілер арқылы баспаналы болды

24.jpg

Сарыағаш ауданының жанашыр азаматы, аудандық мәслихат депутаты Әділбеков Қылышбектің демеушілігімен 4 бөлмелі тұрғын үй салынып, Көктерек кентінің тұрғыны, 3 баланың анасы Мұсабаева Ұлбосынның жанұясына үйдің кілті табысталды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімнің баспасөз қызметі хабарлады.

 Аталған отбасының қуанышымен бөлісуге аудан әкімі Мұхит Отаршиев арнайы барып, жомарттық жасаған аудандық мәслихат депутатына ізгі тілектерін жеткізіп, үй иесіне қажетті тұрмыстық техниканы табыс етті.

Бүгінгі таңда тұрғын үй толығымен аяқталған. Баспана іші қазіргі заман талабына сай жылыту жүйесімен қамтамасыз етілген. Бұрын тар бөлмеде қысылып сабақ оқитын балалардың қазір жеке-жеке бөлмесі бар. Ас үй мен қонақ бөлмесі де қарастырылған. 

3 баланы тәрбиелеп отырған, аз қамтылған отбасы осы күнге дейін апаттық жағдайдағы үйде тұрып келген. Жалғызбасты ана бүгінгі таңда мектепте техникалық қызметші болып істейді. 

Жақсылыққа ұмтылған демеуші арқылы баспаналы болған отбасы мүшелері қайырымды жанға өз алғыстарын жеткізді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер