Созақты көгалдандыру қарқынды жүріп жатыр

38.jpg

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды облысқа қарасты барлық қала, аудандар мен ауылдарды жасыл аймаққа айналдыру жөнінде бастама көтерген болатын. Осы орайда Созақ ауданында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қараша айынан бастап Түркістан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, аталған басқармаға қарасты «Жасыл желек» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тұқымбақтарында өсірілген 100 арша, 100 дана туя, 1950 түп үйеңкі, 312 түп қарағаш, 1125 түп айлант және «Жасыл Аймақ» КММ-нен 164 түп арша үлестіріліп, егілді.

Аталған көшеттер қазіргі таңда аудан орталығындағы бюджеттік мекемелердің аумағына, көше бойлары мен Ту тұғыры алаңына және саябақтарға отырғызылды. 

Алдағы уақытта көркейту, көгалдандыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар жалғасатын болады.

Айта кетейік, биыл Түркістан облысының қала, аудандарында егілген көшеттер саны – 157598. Жалпы 345204 ағаш егіледі деп жоспарланып отыр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанда қытайлық тәжірибе қолданылады
  • Түркістан: Бес айда 614,2 миллиард теңге инвестиция тартылды
  • Түркістан: Жыл басына бері кәсіпкерлік жобалардың 78-і іске қосылды
  • Қытай кәсіпкерлері Түркістанның инвестициялық тартымдылығын жоғары бағалады
  • Түркістан делегациясы Қытайда келіссөздер жүргізді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер