Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының аудандарды дамыту мақсатында қолға алған ауқымды бағдарламаларын тиісті деңгейде жүзеге асыру мақсатында Жетісай ауданында да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Күн санап ілгерілеген аудан экономикасымен қатар аудан аумағындағы автомобиль жолдары да талапқа сай жаңартылуда. Бұл туралы Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
хабарлады.
2022 жылы ауданның жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласын дамытуға Ұлттық қор мен облыстық, аудандық бюджет есебінен 1 млрд 385 млн теңге қаржы қаралған. Оның 1 млрд 152 млн 9 мың теңгесі жалпы ұзындығы 52,4 шақырымды құрайтын 65 көшеге орташа жөндеу, ұзындығы 7,47 шақырымды құрайтын 17 көшеге 55,4 млн теңгеге ағымдағы жөндеу (тас төсеу) жұмыстары жүргізілсе, 101,4 млн теңгеге жалпы ұзындығы 8,8 шақырымды құрайтын 8 көшеге аяқ жол салынуда.
Сонымен қатар, аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерін күтіп-ұстауға 30 млн теңге бөлініп, ішкі көшелерге ағымдағы (ямочный) жөндеу жұмстары жүргізілді, 14 мекен-жайға стандартқа сай 105 метр жасанды жол кедергілері мен 122 жол белгілері орнатылды, 22 мекен-жайға жаяу жүргінші өткелдері мен 28,62 шақырым қарама-қарсы бағытты айқындайтын жол сызбаларын таңбаланды.
«Жол – әрбір адамның күре тамыры. Аудан тұрғындары мен қонақтарын сапалы, қауіпсіз жолдармен, инфрақұрылымдармен қамтамамыз ету – біздің басты мақсатымыз. Біз бірінші кезекте аса қажетті деген республикалық, облыстық, аудандық және ішкі жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізудеміз. Ауданның барлық көшелеріне рет-ретімен алдағы уақытта жоспарға сай жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады» дейді Жетісай ауданының әкімі Мұрат Қыдырбек.
Мәлімет үшін айта кетейік, 365,3 шақырымды құрайтын аудан көлік жолдарының 43,6 шақырымы – республикалық, 210,4 шақырымы – облыстық, 111,3 шақырымы – аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына жатады. 1200-ге тарта ішкі көшелердің жалпы ұзындығы 918,4 шақырым.