Төлебиде «Алтын күз» өтті

51.jpg

Төлеби аудандық мәдениет үйінде «ALTYN KÚZ - 2022» мерекесі өтті. Салтанатты шараға аудан әкімі Төлеген Телғараев, аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев қатысып, ала жаздай дала төсінде тер төгіп, тынымсыз еңбек етіп, еселі өнімге қол жеткізген шаруаларды марапаттады. Бұл туралы Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жиын ауданның ауылшаруашылығы қызметкерлерінің бір жылдық жұмысын қорытындылау мақсатында дайындалған бейнероликпен ашылып, аудан басшысы Төлеген Тұртайұлы сала мамандарын құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. 

-«Алтын күз» - шаруалар үшін еңбектің жемісін жинап, жаз бойы бел жазбай, алқап басында тер төккен ауыл еңбеккерлерінің мерекесі. Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні ауданымызда жыл сайын ерекше сән-салтанатымен аталып өтіледі. Халықтың басым бөлігі ауылдарда тұратындықтан, олардың әл-ауқатын жақсарту үшін ең бірінші ауыл шарушалығын дамыту қажет. Күнделікті тұтынысқа қажетті тауарлардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы есебінен қамтамасыз етіліп отыр. Төлеби 10 айдағы көрсеткішімен 17 аудан арасында «Ет өндіруден», «Жылқы шаруашылығын дамытудан», «Мақсары өндіруден» озат аудан атанды. Ауылшаруашылық саласының өнім көлемі 2022 жылдың 10 айында 52 млрд 872 млн теңге болып, нақты көлем индексі 103,6 пайызды құрады. Оның ішінде: мал шаруашылығында 28,9 млрд теңге, егін шаруашылығында 23,9 млрд теңге,- деді өз сөзінде аудан әкімі. 

Ауданның ауылшаруашылығы саласындағы жетістіктердің барлығы шаруалардың, дихандардың тынымсыз еңбегі мен мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулардың нәтижесінде жүзеге асуда. Салтанатты шара мерекелік жиынға ұласып, аудандық Мәдениет үйінің қызметкерлері әннен шашу шашып, күмбірлете күй төкті. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер