Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасында: «Нарықтық экономика жағдайында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен саудасының әлемдік жүйесі шеңберінде ұлттық бәсекелестік артықшылықтар мен олардың дамуы басым мәнге ие болады.
Аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету аграрлық өндірісті индустрияландыруға және оның тиімділігінің өсуіне негізделген оның тұрақты дамуын болжайды.
АӨК-тің одан әрі дамуы үшін ауқымды өткізу нарықтары, ауыл шаруашылығы алқаптарының жеткілікті алаңдары, суармалы егіншілікті дамытудың жоғары перспективалары бар, майлы дақылдар және ет салаларының экспорттық позициялары күшеюде, ал астық пен ұн бойынша Қазақстан әлемдегі ірі экспорттаушы елдердің қатарына кіреді» делінген.
Осы тұжырымдамаға сүйенетін дихандар күн жылт етіп, қызуы шеке қыздырарлықтай қақарға ие болған шақта алқап басынан табылып, жомарт Жер-Жнаның бабын табуға кіріседі. Иығына кетпенін асынып, ала жаздай бейнет ететін жер емген шаруалардың жұмысы енді ғана саябырсыды. Жері шұрайлы, суы мол болса, диқан қауымының құдайының бергені. Алайда, соңғы жылдары ауа-райының күрт ысып кетуіне және су көздерінің азая түсуіне байланысты шаруалар қауымы аздан да, көптен де үнемдеп, жаңа технологияға көше бастады. Мүмкін бұл заман талабы болар...
Шаруасын дөңгелетіп әкеткендер жылына бір емес бірнеше қайтара өнім алды. Қазіргі таңда Иасы ауылдық округінің өзінде 20 гектар жылыжай бар. Оның ішінде Маматжан Зайниддинов– 0,04 гектарға, Бахадир Тажиметов Бахадир – 0,03 гектарға талапқа сай жылыжай салған. Тамшылатып суғару әдісін қолға алған шаруа қожалықтары 23 гектар жердің қожайыны. «Тәжібай ата» шаруа қожалығының иесі Бахрам Тәжібаев – 13 гектар, «Идирисов» шаруа қожалығының иесі Хасан Идирисов – 10 гектарға тамшылатын суғару технологиясын пайдаланып отыр. Жылыжайға егілген дақылдардан біріншіде гектарына 23 тонна тәтті бұрыш пен 1 гектардан 37 тонна қияр алыпты.Ал тағы бір диқан Акрам Исмаилов 0,15 гектардан бес тонна қияр алса, Бахадир Тажиметов 0,20 гектардан 6 тонна қияр өндірген. Қазіргі таңда 48 тонна қияр және 32 тонна тәтті бұрыш өнімдерін халыққа ұсынды. Мұнда Айгүл Қанжігіт екінші айналымда бір гектарға лимон ексе, екі гектарға қияр еккен.
Иә, «қалауын тапса - қар жанады» деген. Ауылдық округте бір жерден бір емес 2-3 рет өнім алу бойынша 25 жоба іске асырылған. Қарқынды бау жеміс-жидек алқабы 23 гектарға жеткізілді. «Тәжібай-ата» шаруа қожалығының иесі Бахрам Тажибаев 13 гектар жерге бау еккен. «Идирисов» шаруа қожалығының иесі Хасан Идирисов 10 гектарға қарқынды бау екті. Иассылық диқандар жылына екі үш рет өнім алудың хас шеберлеріне айналып келеді.