Жер қойнауы заңсыз пайдаланылмауы керек

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт, Берекелі қоғам» атты халыққа арнаған Жолдауында: «Игерілмей жатқан жерді қайтарып алу жөніндегі комиссияның қызметіне жеке тоқталғым келеді. 

Screenshot_3.jpg

Комиссия жұмысының аясында ауыл шаруашылығы мақсатындағы 2,9 миллион гектар жер мемлекетке қайтарылды. Жылдың соңына дейін кемінде 5 миллион гектар жерді қайтарып алу жоспарланып отыр. Игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген жер көлемі 10 миллион гектарға жуықтайды. Үкімет пен әкімдіктер келесі жылдың соңына дейін осы жерлерге қатысты нақты шешім қабылдауға тиіс. Қазір жер мәселесін тексеруге жарияланған мораторий де күшін жойды. Бұл қадам жұмысқа оң ықпалын тигізеді деп ойлаймын», деп Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар алдына нақты міндеттер қойды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы аталған Жолдауында жер қойнауын игеру ісіне инвестиция тарту үшін заңнаманы және рәсімдерді барынша жеңілдету қажеттігін атап көрсетіп, жер қойнауын игеру салаларының инвестициялық тартымдылығын арттыруды тапсырған еді.

Сауран ауданы аумағында заңсыз жер қойнауын өз бетінше пайдалану фактілерін анықтау және болдырмау бойынша құрылған жұмысшы топ Түркістан облысы бойынша Көліктік бақылау инспекцияның жылжымалы көлік бақылау бекеттерінің мамандарымен және тиісті мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерімен бірлескен жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты зерделеу жұмысын жүргізді.

Облыстық Көліктік бақылау инспекцияның жылжымалы көлік бақылау бекеттерінің мамандары жер қойнауын игерушілерге тиісті көліктерге рейт жүргізу барысында Сауран ауданы Шорнақ ауылдық округіндегі Батыс Еуропа – Батыс Қытай автомагистралінің бойында жүк көлігіне заңсыз ауыр жүк арту деректерін анықтады. Жүк көлігінің жүргізушілері рейд кезінде полицейлерге жер қойнауын пайдалануға рұқсат беретін ешқандай нақты құжат көрсете алмапты. Нәтижесінде жүк тасу көлігі заңды шешім қабылдағанға дейін ақылы айыптұраққа қойылып, әкімшілік хаттама толтырылған. Сондай-ақ, құқық қорғау орган өкілдері аталған жүк көліктерінің жүргізушілеріне ҚР ӘҚБтК-нің 630-бабының талабын (жол жабындысын ластау) бұзғаны үшін, жалпы 275 мың 730 теңге айыппұл салыпты.

Айта кетер жайт, жұмысшы топ өкілдері, жер қойнауын заңсыз пайдалану, оның ішінде кең таралған пайдалы қазбаларды (құм-тас қоспасы, топырақ, т.б) заңсыз қазу, тасымалдау, сатуды анықтау, алдын алу және жолын кесу мақсатында жыл басынан бері шұғыл алдын алу іс-шарасын үздіксіз жүргізіп келеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер