Өңірлерді газдандыру: Сауранда 7 ауылды газбен қамтитын АГТС іске қосылды

Үкімет басшысы Өңірлерді газдандырудың 2030 жылға дейінгі жаңартылған схемасы бойынша жұмыс істеу тиімділігін айтқан. Артып келе жатқан халық саны мен өнеркәсіп саласының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін газ көлемі жеткілікті болуы керек. Сондықтан ресурстық базаны кеңейту, оның ішінде ауқымды геологиялық барлау жұмысы негізгі міндетке айналуы тиіс екендігі күн тәртібінегі мәселе.

Screenshot_2.jpg

Жалпы, Қазақстанда 1700-ден астам елді мекен немесе 11 миллионнан астам қазақстандық табиғи газбен қамтамасыз етілген.

Биылғы жылы да елді мекендерге газ тарту, халықтың заманауи инфрақұрылымдарға қолжетімділігін арттыру мақсатында «Аманат» партиясының Жол картасы аясында министрлікке 2 тармақ бекітілген.

«2021 жылдың қорытындысы бойынша 68 мың адамды газбен қамтамасыз ету жоспарланған. Жыл соңында 165,9 мың адам газға қол жеткізді. Жалпы 2021 жылға арналған газдандырудың жоспарлық көрсеткіші 53,71% болса, нақты деңгей 57,67%-ды құрады», – деді Б.Ақшолақов.

Министрдің айтуынша, 2025 жылға дейін бюджет есебінен 246 ауылды газбен қамтамасыз ету жоспарланған. Әзірге, сол жоспар аясында 187 елді мекенді газдандыруға қаражат бөлінген.

«Биыл елді газдандыруға республикалық бюджеттен 45,8 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ 2022 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау шеңберінде қосымша 50,1 млрд теңге қолдау тапты. Нәтижесінде, 133 жобаны іске асыруға 96 млрд теңге қарастырылған. Бұл 146 мың адамды немесе 93 елді мекенді газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша газдандырудың жоспарланған деңгейі 58,43%-ды құрауы керек», – деп атап өтті министр.

Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, Сауран өңірін газбен қамту жұмысы жүйеленген. Халықты көгілдір отынмен қамтамасыз ету жағынан аудандағы елді мекендерге газ жеткізу мәселесі кезең-кезеңімен шешіліп келеді. 

Елді мекендерген газ тарту жобасы аясында Түркістан облысы Сауран ауданында №16 «Ескі Иқан» автоматтандырылған газ тарату станциясы іске қосылған.

Станция «Бейнеу-Шымкент» магистралды газөткізгішінің 1285 шақырымындағы станция Ескі Иқан ауыл округіндегі 7 елді мекенді газбен қамтиды. АГТС-тің жалпы құны – 1248,8 млн теңге, қуаттылығы – 33 000 м3/сағатына, жалпы ұзындығы – 11,546 шақырым. 

«Ескі Иқан» автоматтандырылған газ тарату станциясы арқылы Сауран ауданындағы 7 елді мекен газбен қамтылып отыр. Жалпы 55 мың тұрғын «көгілдір отынның» игілігін көреді. Енді тұрғындар заңға сәйкес, үйлеріне газды кіргізіп алулары керек. Бұдан бөлек Мақтаарал ауданындағы АГТС қуатын молайттық. Қазығұрт ауданында да бір АГТС пайдалануға беруге дайын тұр. Елдің өмір сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасады, – деп мәлімдеген облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы. 

Түркістан облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, «Ескі Иқан» АГТС арқылы Сауран ауданындағы Ескі Иқан, Шаға, Қазақстанның 30 жылдығы, Ойық, Шоқтас, Ибата, Бершінтөбе елді мекендері табиғи газға қосылады. Сонымен бірге Түркістан қаласында орналасқан «Hazret Sultan International Airport» әуежайы да газбен қамтылады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер