Ауыл шаруашылығының жаңа технологияға көшуі – заман талабы

Ауыл шаруашылығы – материалдық өндірістің, мемлекет экономикасының ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады.

Screenshot_5.jpg

Қазақстандағы ауыл аруашыығы саласы – республиканың озық дамыған саласы. Ауыл шаруашылығы өндірісін өркендету қай заманда да ілгері басып келеді. Оның бір күн де кейін шегініп немесе тоқтап қалуы мүмкін емес. Себебі ауыл шаруашылығы – адам баласының негізгі қажеттілік көзі.

Оңтүстік өңірі ауыл шаруашылығының қай түрі болмасын өнім өндіруге бейім өлке. Көкөніс пен бау-бақша өнімінің қайсысын алсақ та, бұл аймақта жемісін беріп, халық сұранысын өтейтін тауар түріне айналып шыға келеді. Алайда, бүгінде экономикалық шығындар мен экологиялық жағдайға сәйкес, тамшылатып суару, дәрілеу жұмысының заманауи тәсілі деген сияқты шаруалар шаруаға шаш-етектен пайда түсірмесе де, үнемділік жағынан жақсы қолдау боп жатыр.

Ескі Иқан ауылдық округіндегі диқандар қауымы жаңа технологияға бейімделуде.

Ескі Иқан ауылдық округінің жалпы жер көлемі 41758 га, оның ішінде: 12558 га суармалы жер, 10770 гектар жерге бір жылдық екпелер егіледі, 1788 гектар жерге көпжылдық екпе бау жүзімдер егілген. Осы жерлер бүгінгі күнде 946 агроқұрылымдардың пайдалануына берілген. Оның ішінде 10 ауылшаруашылық өндірістік кооперативі, 936 шаруа қожалықтарды құрайды.

Үй іргелік жер 596,7 га, оның ішінде 245,4 га егістік жер толығымен игерілді. 2021 жылға 15 бірлік ауыл шаруашылығы техникаларын алу жоспарланса, 21 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары алынып, жоспар 140,0 пайызға орындалды. Ауыл шаруашылық техникаларын жаңалау бойынша 224 млн 011 мың теңге инвестиция тартылды. Ауылдағы барлық ауыл шаруашылығы техникалары және қосалқылары болып жалпы саны 701 бірлікке жетті. Шаруа қожалықтардың көктемгі және күзгі дала жұмыстарына бөлінген арзан бағадағы жанар-жағар майларын шаруа қожалықтар алып егістік алқаптарына пайдаланды. Үкімет тарапынан арзан бағада берілген 224 тонна минералды тыңайтқыш алынды. Есепті мерзімде ірі қара мал басы – 21939-ға жеткізілді. Қой, ешкі саны – 59982 басқа жетті. Жылқы малы – 2618 бас.

Қазіргі таңда Ескі Иқан ауылында 20 мыңға жуық адам тұрады екен. Ибатада – 8 мың, Достықта – 1200, Шағада 8 мыңдай адам тұрады екен. Жалпы, Ескі Иқан ауылдық округінде қырық мыңға жуық адам тіршілік етіп жатыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер