Ескі Иқанның әлеуметіне әлеуметтік көмек беріліп келеді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі тұрмысы төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек төлеу жұмысы әрі қарай жалғаса беретінін айтқан. Мемлекет басшысы атаулы әлеуметтік көмекті «әділетті саясат» деп бағалаған.

Screenshot_1.jpg

Ескі Иқан – аудандағы халық ең көп шоғырланған елді мекендердің бірі.

Ескі Иқан ауылдық округінің әкімі Дилшод Сайтовтың баяндауынша, әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны Сауран ауданы орталығы атанғаннан кейін еселене түскен. Мәселен, 2021 жылдың 12 айында әлеуметтік салада атқарылған жұмыстар ауыз толтырып айтарлық.

«Ескі Иқан ауылдық округі әкімі аппаратына мемлекеттік мекемесіне 2021 жылы жалпы 85 млн 202 мың теңге жоспарланып, 12 айда жоспар 100% толығымен игерілген. 2021 жылы мемлекет тарапынан берілетін атаулы әлеуметтік көмектің шартты және шартсыз түрінен Ескі Иқан ауылдық округінде 286 отбасы алса, 2022 жылы көп балалы отбасылардың есебінен атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны тағы арта түсті», – дейді Ескі Иқан ауылдық округінің әкімі Дилшод Сайтов.

Өткен жылы ауылдық әкімдіктің ұйымдастыруымен аз қамтамасыз етілген 60 отбасыға демеушілер тарапынан 1 млн 495 мың теңге көлемінде азық-түлік берілген. Бұл игі шара да жыл сайын жалғасын тауып келеді. Әрбір жылы «Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына демеушілер тарапынан көмек көрсетіліп келеді.

Ауыл әкімі өз сөзінде тұрғындарды кесте бойынша ғана емес, кез келген уақытта қабылдайтынын айтады.

«Кез келген уақытта келіп, мұң-мұқтажын, шағымын айта алады. Көбіне ауыл тұрғындарының басым көпшілігі әлеуметтік көмек сұрап келеді. Олардың мәселелерін шешуді ұйымдастыру – қызметтік әрі азаматтық міндетім. Көбіне киім-кешек, азық-түлік, көмір секілді көмектерге қол ұшын созып жатамын. Сонымен қатар, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға да  мемлекеттен қажетті көмек алуға, құжаттарды реттеуге көмектесеміз. Ауыл кәсіпкерлері мен демеушілердің есебінен «Мектепке жол» акциясын ұйымдастырдық. Акция аясында тұрмысы төмен көп балалы отбасылардың балаларын, жетім, жартылай жетім балаларды мектеп формасымен және оқу құралдарымен қамтамасыз етіп келеміз. Мәселен, 2020-2021 оқу жылында балаларға 40 ноутбук, оқу құралдары мен киім-кешек үлестірілді», – дейді Ескі Иқан ауылдық округінің әкімі Дилшод Сайтов.

Алдағы уақытта ауылдан әлеуметтік дүкен ашылады деп жоспарлануда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер