Абаттанған ауыл ажарлы

Түркістан облысындағы Ескі Иқан ауылдық округі – Түркістан облысы Сауран ауданындағы әкімшілік бірлік. Сонымен қатар бұл жерде тарихи-мәдени ескерткіштер бар. Мұнда Тұрсын мен Барақ хандар билік құрған Иқан қалашығы мәдени ескерттікштерді қорғау құзырында. 

Screenshot_2.jpg

Ескі Иқан ауылдық округінде көп жылдар бойы көзден таса, көңілден алыс қараусыз қалып келген ауылдар бар еді. Елеусіз ғана қоңыр тіршілік кешіп жатқан ауыл тұрғындарының соңғы кезде әлеуметтік, экономикалық талап-тілектері билік назарына іліне бастады.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту жұмыстары жүзеге асырылып келеді.

Ескі Иқан ауылдық округінің әкімі Дилшод Сайтовтың мәліметінше, округтегі Достық ауылына көбірек назар аударыла бастады. Достық елді мекенінде балалар ойын алаңын салуға қарастырылған қаржы 30 млн теңге. Оған балалардың ойын алаңы ғана емес, оның сырты қоршалып, балаларға арналған воркауттар да қамтылады. Ескі Иқан ауылдық округі Достық елді мекенінде халықты ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында қарастырылған қаржы 19 млн 808 мың теңге.

Ескі Иқан ауылдық округінде орналасқан Шарап Ата көшесінде автокөлік жолы мен аяқ жолды күрделі жөндеуден өткізу мақсатында қарастырылған қаржы 29 млн 906 мың теңге болып отыр. Ескі Иқан ауылдық округі, Ескі Иқан елді мекені тұрғындарына табиғи газ жеткізу жоспарлануда.

Ескі Иқан ауылдық округі, Ескі Иқан елді мекені халқын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Жаңа Иқан ауылдық округіне қарасты «Иқан су Қытай» учаскесінен құбыр тарту бойынша жұмыстар атқарылуда.

Жалпы статистикалық орталықтың санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 14 миллионнан әлдеқашан асып кеткен.

Өңірде халық санының өсуіне байланысты экономикалық сұранысы да, әлеуметтік қамтылу деңгейі де күн өткен сайын артып келеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Балалар бақыт табатын мекен
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Тұмса табиғатпен үндескен кешен
  • Лагерлердің дайындығын тексерді
  • «Робинзон» лагері қайта салынады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер