«Ауылдан адам көшкенмен, адамнан ауыл көшпейді»денег сөз бар қазіргі қоғамда. Мұны сөз етуіміздің өзіндік себебі бар. Турасын айтсақ, ауылдықтардың әлеуметтік жағдайының түзелуіне мемлекет тарапынан қазір айырқша көңіл бөлінуде.
– Бүгінде Қазақстан халқының 40 пайызға жуығы ауылда тұрады. «Ауыл – ел бесігі» деп халқымыз бекер айтқан жоқ. Сондықтан, ауылдағы жағдайды жақсарта алмасақ – бәрімізге сын. Сол үшін мен бүгін ауылды дамыту мәселесі туралы жарлыққа қол қоямын, – деді Президент Қасымм-Жомарт Тоқаев күні кешегі ұлықтау рәсімінде.
Республика бойынша жүзеге асыру көзделген «Ауыл – ел бесігі» жобасының басты мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту.
Жоба аясында ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту, ауыл халқының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бойынша бірқатар міндеттерді шешу көзделген.
Ескі Иқан елді мекені «Облыс елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз етудің 2023 жылға дейінгі іс-шара жоспарына енгізілген». Облыстық басқарма тарапынан Ескі Иқан елді-мекенін толық ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, «Иқансу-Қытай» жер асты су кен орнынан қажетті су алуға жобалау-сметалық құжаттамасын (ЖСҚ) әзірленуде. Достық учаскесінде 127 тұрғын үйге ауыз су құбыры тартылған, халықты ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылы 705 метр ұңғыма қазылды. Қазіргі таңда су құрамын зерттеу жұмыстары аяқталып бюджет есебінен су мұнарасының құрылыс жұмыстарына 20 млн теңге қаржы бөлініп отыр, су мұнарасы құрылысы біткен соң «Достық» учаскесі халқын 24 сағат таза ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Ескі Иқан елді мекенінде газдандыру жұмыстары толығымен аяқталған, бүгінгі күнде газ құбырын «КазТрансГаз Аймақ» АҚ балансына өткізу жұмыстары жүргізілуде. Ауылдық округті табиғи газбен қамтамасыз етудің екінші кезеңі аясында Достық елді мекені және Диханабад учаскесіндегі тұрғын үйлерді табиғи газбен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттарын (ЖСҚ) әзірлеу мақсатында керекті құжаттар жасалынуда.
Демек, алда Жаңа Қазақстандағы жаңарған аулыдардың үлесі арта береді деп сенім білдіреміз.