Әділетті Қазақстанда тың жаңалықтар аз емес. Бүгінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрменімен ауыл әкімдеріне бірқатар қолайлы жағдайлар жасалған. «Қандай?» дейсіз ғой...
Енді жергілікті Қоғамдастық мүшелері және ауылдағы қоғамдық ұйымдардың жетекшілерімен ақылдаса келіп, салықтан түскен қаржыны қай мақсатқа жұмсау керегі шешіледі. Яғни бюджет бақылауда болады, әрі бірге шешіледі. Иә, «келісіп пішкен тон келте болмас» дегендей әкімшіліктегі жас жігіттердің жігерлі іс әрекеті бұрын осы шаруашылықта басшылық қызмет атқарған ата-әжелерінің ақыл кеңесімен жұмыс жүйелі түрде атқарылып келеді.
Иассы ауылдық округі бойынша былтырғы барлық салық түрлері бойынша түсімдер 2615 мың теңге болса, орындалуы 2784 мың теңгені құрады. Оның ішінде жер салығы 452 мың теңге болса, 460 мың теңгеге орындалып 102 пайызды құраған. Ал бұдан өзге 306 мың теңге мүлік салығы, 1857 теңге көлік салығы тағы бар. Бәрі артығымен орындалуда.
Ауылдық округі бойынша биылға салық түрлері бойынша түсімдер 4300 мың теңге, ал оның орындалуы 1541 мың теңгені құрап отыр, жылдық жоспар жөнімен орындалып келеді.
Иассы ауылдық округі бойынша өткен жылға айыппұлдар жоспарланбаған, нақты түсімдер – 875,1 мың теңгені құрап отыр. Бұл дерек «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарлама» шеңберінде және халықты жұмыспен қамтамасыз етудің кешенді жоспарының белсенді түрде орындалып келе жатқанын аңғартады.
Мұндағы ең басты бағыт «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» және екінші бағыт «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп ұйымдастру іс - шаралары бекітілді. Үшінші бағыт «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» болып табылады.
Екі қолға бір күрек табылуда. Осы есепті мерзімде жастар практикасы бойынша нақты – 2 адам, қоғамдық жұмысқа - 15 адам, тұрақты жұмыспен- 68 адам қамтылған. Иассы ауылында 3 мүгедек бала және жалғызбасты бір қария тіркелген. Бұл ретте үйінде әлеуметтік қызмет көрсету бағдарламасы бойынша 1 штаттық бірлікте әлеуметтік қызметкер кестеге оларға арнаулы әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетіп, оңалту орталықтарымен байланыс жасап кеңестер беріп отыр. Атаулы әлеуметтік көмек бойынша өткен жылы 106 отбасына, нақтырақ 614 адамға 43 млн 138 мың 249 теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, әлеуметтік пакеттер таратылған еді. Ал биыл 6 айда-ақ 56 отбасына, 318 адамға 9 млн 744 мың 465 теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған-ды. Бұдан бөлек аз қамтылған отбасыларға демеушілер киім кешектер мен азық – түлікпен 28 отбасына көмектер көрсетілген.