Иассыда 237 шаруа қожалығы бар

«Қалауын тапса қар жанады» деген. Иә, ебін тапса қолдан келмейтін іс жоқ. Осы Сауран ауданының орталығынан он бес шақырымда орналасқан Иассы ауылдық округі Түркістандай киелі шаһардың облыс орталығы мәртебесін алғалы бері онымен қатар дамуда.

Screenshot_14.jpg

Мұны сөз етуіміздің себебі,  бар-жоғы бес-ақ шақырымда орналасқан Еңбекші-Дихан мен Шойтөбе тұрғындары өздерін облыс орталығының тұрғынындай сезінеді. Оған себеп жайлылық. Нақтырақ айтар болсақ, мемлекеттік және бюджеттік мекемелердің біраз қызметкерлері қаладан қатынап жұмыс істейді. Ауыл ішінде, барлық жерде тап-тұйнақтай тазалық сезіледі. Бір шеті Оранғаймен, бір шеті Түркістанмен шектесіп жатыр.

Иассы ауылдық округі әкімінің міндетін атқарып тұрғанда Акрам Рахымжанұлы Нышановтың біраз жайтты баяндап берген. Оның айтуынша, өткен жыл қорытындысы бойынша ауылдың әлеуметтік-экономикалық  дамуы жылдан жылға серпінді көтеріліп келеді. Қазіргі таңда Еңбекші-Дихан және Шойтөбе елді мекендерін бүгінде 3042 адам тұрақтаған. Ал экономикалық белсенді халық саны – 1949 адамды құрайды.

Ағымдағы жылдың бюджеттік қаражаты 18 миллион 639 мың теңгені құраған. Өткен жылға  бөлінген қаражат 100 пайыз  игерілді. Жылдық қаражаттың 77 пайыз орындалып үлгерген. Барлық қаржы өз кезегімен толық игеріліп келеді.

Аталмыш қаржы аппарат қызметін қамтамасыз ету шығындары 12,5 штат бірліктерін ұстау еңбекақы қоры, өтемақы төлемдері, іссапар шығындары, коммуналдық, байланыс, қызметтік автокөліктің жүруін қамтамасыз ету, аппарат қызметкерлерін қажетті кеңселік – шаруа заттарымен қамтамасыз ету, елді мекендердің тазалығы, санитария, көгалдандыру, жергілікті деңгейде мәдени - спорттық  іс шаралар өткізуге, автожол жөндеу бойынша шығындарына бағытталған.

Десе де, Иассы ауылдық округіне қарасты  әлеуметтік қызмет нысандар көп емес. Бір жалпы орта мектеп, бір бастауыш мектеп, дәрігерлік амбулатория,  екі балабақша бар. Бәрінен бұрын мұнда  237 шаруа қожалықтары халыққа қызмет көрсетуде. Яғни, тұрғындар шаруашылықты еркін меңгерген. Тіпті, алдағы уақытта бұл сандық дерек 300-ге жуықтап қалуы да бек мүмкін. Мұндағы шаруалар заман тынысын тап басып, уақыыт ағымымен өз істерін дөңгелентіп отыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер