Денсаулық сақтау саласына жақсарып келеді

Президен Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдауында денсаулық сақтау саласын мамандарға қолдау көрсетуді айрықша атап өткен еді.

Screenshot_13.jpg

– Пандемия туындатқан дағдарыс бізді көп нәрсеге үйретті. Мәселен, дәрігердің еңбегін бағалай білетін болдық. Бір кезде медицина қызметкерлерінің мемлекет назарынан тыс қалғаны рас еді. Дәрігер мамандығын материалдық тұрғыдан да нығайта түсу маңызды болып отыр, – деген болатын Мемлекет басшысы аталған Жолдауында.

Денсаулық сақтау саласына жас мамандарды тарту Сауран ауданында да ойластырылған. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында Сауран аудандық емханасына былтыр жұмысқа тұрған мамандар болған  жоқ. Алайда, осы жылда оқу бітірген жас мамандарды ауданға тарту бойынша ішінара жұмыстар жүргізілді. Соның арқасында Сауран аудандық емханасын орта буын қызметкерлермен толық қамтылған.

Сонымен қатар, ауданда ана мен бала денсаулығын қорғау мақсатында фертильды жастағы яғни 15-49 жас аралығындағы әйелдердің денсаулығын қадағалап, профилактикалық қарап тексерулер жоспар бойынша орындалуда. Анықталған сырқаттары бойынша диспансерлік есепке алынып, емдік шаралар жүргізілуде. Аудан бойынша, құрылымдық бөлімшелерде ана мен бала денсаулығы мен жанұяны жоспарлау мектептері жұмыс жасауда. «Мемлекеттік дәрігерлік мекемелерден тыс жекеменшік отбасылық амбулаториялар бар ма?» дейтін сауалға жауап іздейтін болсақ, Сауран ауданына қарасты Ескі Икан ауылында «Авицена» отбасылық жекеменшік амбулатория тұрғындарға сапалы қызмет жасап жатқанын айта кетуіміз керек.

Дәрігерлердің біліктілігі де  басты назарда. Себебі, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтің жүзеге асуында бірінші орында дәрігерлердің біліктілігінің маңызы өте үлкен. Осы орайда, дәрігерлердің біліктілігін арттыру бойынша мемлекеттен арнайы қаржы қаралған, жоспарланған оқулардың толық орындалуын, дәрігерлердің сапалы білім ордаларында білім алып, тәжірибе алмасуы қадағалауда тұр. Сонымен қатар, резидентура оқуына оқыту бойынша да тиімді жоспарлар жасалған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер