Өркениеттің бір белгісі – дамыған инфрақұрылым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл тарихи маңызы бар құжаттың қазақстандықтар үшін орны бөлек. Өйткені бұл ауылдық елді мекендердің гүлденуіне септігін тигізетін соны бастама.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Осы құжат арқылы үкіметке ауылды дамытудың 5 жылға арналған нақты жоспарын әзірлеуді тапсырамын. Бұл менің жаңа президенттік мерзімдегі бірінші жарлығым болады. Үкімет ауылды дамытуға арналған барлық жобаны жүйелі түрде реттеп, жинақтауға тиіс. Содан кейін мақсатты түрде тиімді жұмыс жүргіземіз», – деді.

ХХІ ғасырдағы жаңа өркениет заманындағы даму талабы республиканың инфрақұрылымын барынша өркендету міндеттеріне үлкен жауапкершілік жүктейді. Жол, ауыз су, газбен қамту, элекр желісін тарту – экономикалық, экологиялық жағынан өз тиімділігін беруде. Мемлекеттік маңызы зор инфрақұрылымды дамыту және пайдалану тетіктерін барынша жетілдіру де қазіргі заман талабы.

Ескі Иқан ауылдық округі, Достық елді мекені, Достық-2 көшесіне тас төсеу мақсатында Үкімет тарапынан 1 млн 458 мың теңге бөлініп, жеке кәсіпкер «Жағалбайлы» мен келісім-шарт жасалынып, жұмыстар толығымен атқарылды.

Ескі Иқан ауылдық округі, Достық елді мекені, Әйтеке би көшесі бойында орналасқан тұрғын үйлердің ауласында орналасқан электр бағаналарын көше бойына көшіру мақсатында Үкімет тарапынан 1 млн 446 мың теңге бөлініп, жеке кәсіпкер «Елнұр» мен келісім-шарт жасалынып, жұмыстар орындалған.

Ескі Иқан ауылдық округі бойынша түнгі жарық шамдарын ремонттау мақсатында Үкімет тарапынан 1 млн 023 мың теңге бөлініп, ЖШС «Даму Строй» мен келісім-шарт жасалынып, жұмыстар жүргізілді. Ескі Иқан ауылдық округі бойынша 7 көшенінің асфальтбетонды жабынды және аяқ жолдарды, жарықтандыру орташа жөндеуден өткізу жұмыстарына 288 млн 427 мың теңге, 3 көшенің жарығын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 41 млн 340 мың теңге, 4 көшенің аяқ жолын орташа жөндеуден өткізуге жұмыстарына 100 млн 969 мың теңге, 2 көшедегі балалар алаңы, воркаут, спорт алаңын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 60 млн теңгеге сметалық құжаттар әзірленіп, 2022-2024 жылдарға бюджетке ұсыныс енгізілді.






Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер