Атқарылған іс көп

Мемлекеттік қызмет үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сауран ауданында бүгінгі таңда 175 мемлекеттік қызметші жұмыс атқаруда. Мемлекеттік қызметшінің сөйлеу мәдениеті мен өзін-өзі ұстауы, халықпен жұмыс істеу әдебі, өз саласын жетік меңгеруі секеілді талаптарды олар қатаң ұстанады.

Screenshot_11.jpg

Мұны айтып отырған себебіміз сауран ауданының дамуына осы мемлекеттік қызметшілермен қатар қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ белсенділер бір кісідей атсалысып жүр. Соның арқасында аудан құрылған өткен жылдан бері мұнда бірталдай іргелі істер тындырылды. Мәселен «Amanat» партиясының аудандық филиалы Сауран ауданы бойынша «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасы аясында өткен жылы Ескі Иқан ауылында балалар мен жасөспірімдерге арналған құны 416 миллион теңгені құрайтын спорт мектебінің пайдалануға берілуіне ықпал еткен болатын.

Ал, биылғы жылы Сауран ауданы, Бабайқорған ауылында спорт зал құрылысы қарқынды жүргізіліп, бабайқорғандықтар осы аталы іс үшін ризашылықтарын білдірген еді. Спорт залдың сметалық құны 194 миллион теңгені құраған. Ә дегеннен-ақ іргетасы қаланып, бетоны құйылды, іргетас қуысын жергілікті топырақтан толтырылып, электір желісі тартылды. Барлық іс құұрылыс жұмысының талаптарына сай атқарылып, қазір ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылда аяқтап, нысанды тапсыру жоспарланған.

Сондай-ақ, Оранғай ауылынан 150 орындық мектеп құрылысы және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 200 орынды оңалту орталығының құрылыстары бастау алып, қазіргі уақытта 150 орынды мектеп құрылысы жүргізілуде. Мердігер «ЭСПС Инженеринг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыс жұмысын кестеден кешіктірмей келеді. Биылғы жылға аталған мердігер 10 миллион теңге қаржыны игеруді көздеп отыр. Ал, 200 орынды мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту құрылыс жұмысы көңіл көншітерліктей деңгейде атқарылуда. Құрылыс жұмыстарын 2023 жылы аяқтап, пайдалануға берілу жоспарланған. Жалпы, Сауран ауданы бойынша 2022 жылға 73 индикаторды орындау жоспарланса, бүгінгі күнге оның бірқатары орындалып қойды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Балалар бақыт табатын мекен
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Тұмса табиғатпен үндескен кешен
  • Лагерлердің дайындығын тексерді
  • «Робинзон» лагері қайта салынады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер