Презитент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында еліміздегі автожолдың сапасына баса тоқталған еді. Аталған Жолдауда Мемлекет басшысы: «Автожол құрылысына, соның ішінде жергілікті жолдардың сапасына баса мән беру керек. Бюджеттен қыруар қаржы бөлінсе де, бұл мәселе әлі шешімін таппай отыр.
Мен 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма бердім. Үкімет бұл мәселені тікелей бақылауға алсын. Жол құрылысындағы заңсыздықтарды анықтау қажет. Бұл жұмыстан нақты нәтиже шығару керек»,– деп нақты атап крсетті. Қазіргі таңда Сауран ауданы бойынша аудандық маңызы бар – 119,3 шақырым автомобиль жолы бар. Оның 68 шақырымы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Ал, ауылішілік жолдардың жалпы ұзындығы – 625 шақырым. Оның ішінде жақсы және қанағаттанарлығы – 403 шақырым.
2022 жылға Сауран ауданында 36 шақырымды құрайтын автожолға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ол үшін қазына қаржысынан – 2198,252 миллион теңге бөлінді. Оның ішінде орташа жөндеу жұмыстары бойынша аудан орталығы Шорнақ елді-мекенінің 6 шақырымдық орталық көшесі Т.Сүлейменов және Шаяхметова көшелерінің орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, сметалық құны – 888 607920 теңге. Алдағы уақытта орындалатын орташа жөндеу жұмыстары Шорнақ елді-мекенінде жаңа салынып жатқан мектепке апарар жолды орташа жөндеу жұмысы ұзындығы - 0,84 шақырым сметалық құны – 35,0 млн теңге, Оранғайда спорт мектебіне апаратын жолды орташа жөндеу ұзындығы - 0,75 шақырым сметалық құны – 33,0 млн теңге, Жүйнек елді-мекеніндегі Түркістан көшесіне аяқжол салу 1,9 шақырым, сметалық құны – 12,144 млн теңге, Ескі Иқан ауыл округіндегі Шарап ата көшесін орташа жөндеу 1,0 шақырым, сметалық құны – 29,879 млн. теңге, Майдантал елді-мекенінен Егізқара ауылына апарар жолды ағымдағы жөндеу 10 шақырым, сметалық құны – 41,0 млн. теңге,
Серт елді-мекеніндегі Рахимов көшесін орташа жөндеу ұзындығы 5,3 шақырым, сметалық құны – 31,985 млн. теңге, Теке елді-мекеніндегі Абай көшесін орташа жөндеу ұзындығы 1,3 шақырым, сметалық құны – 21,656 млн. теңге, Жібек Жолы ауыл округіндегі Сауранбаев көшесін орташа жөндеу ұзындығы 1,0 шақырым, сметалық құны – 30,0 млн. теңге. Күрделі жөндеу жұмыстары бойынша Құсшыата елді-мекенінен Әуежолға дейінгі жолды күрделі жөндеу жұмыстары 7,5 шақырым, сметалық құны - 1074979835 теңге.
Ауданға қарасты облыстық маңызы бар автожолдарда орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тарапынан 58 шақырымды құрайтын 3- нысанға 1538,449 млн. теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда, «Самара-Шымкент» автожолынан Ынталы ауыл округі автожолын (КХ-95) 20 шақырым жолы (сметалық құны – 407,553 млн теңге), «Самара-Шымкент» автожолынан Жүйнек автожолын (КХ-115) 13 шақырымы (сметалық құны – 299,246 млн теңге) және Бірлік-Қарашық (КХ59) автожолының 25 шақырым (сметалық құны – 831,650 млн теңге) жолдары орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қосымша КХ-58 Үшқайық-Шорнақ-Бабайқорған автожолының Шорнақ ауыл округінің ішінен өтетін 6 шақырым жолына жөндеу жұмыстары жоспарлануда. Оранғай-Қосқорған автожолына күрделі жөндеу жұмыстарына сметалық құжат әзірлеуге конкурс өткізілуде. Сметалық құжат дайындау жұмыстарын ағымдағы жылы аяқтау көзделген. Бұл жұмыстары 2023 жылға жоспарлануда.